Антикор «Астана» футбол клубын сынға алды, бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі хабарлады.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі мен Туризм және спорт министрлігі бірлесе отырып, спортты қаржыландыру саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жүргізді. Талдау қорытындысы отандық спорттың дамуына және әлемдік аренада жоғары нәтижелерге жетуге кедергі келтіретін жүйелі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің бар екенін көрсетті.
Инфрақұрылымның жағдайы
Антикордың мәліметінше, спорт кешендері мен футбол академияларын салудың орнына спорттық ұйымдар легионерлерді ұстауға көп ақша жұмсаған.
Мысалы, 2023 жылы «Астана» ФК Қазақстандағы ең қымбат спорт клубы ретінде танылды, оның шығыны 2018-2023 жылдары 50 млрд теңгені құраған. Алайда осы уақытқа дейін клуб...