Coldplay тобы келесі жазда Лондондағы Уэмбли стадионында қатарынан 10 концерт беріп, Тейлор Суифтің рекордын жаңартуды жоспарлап отыр. Алғашында топ 2025 жылғы тамызда 6 концерт ұйымдастыратынын хабарлаған, бірақ кеше, 26 қыркүйекте тағы 4 концерт беретінін мәлімдеді. Оған себеп – топ концертіне билет алуға электрон кезек басталғанда адам санының едәуір көп болуы.
Жалпы билет сату 27 қыркүйекте, яғни бүгін тоғызда басталды. Билет құны 20 фунт стерлиңнен (12 810 теңге) басталады. Coldplay Ticketmaster-дегі билет сұранысына байланысты бағаның реттелуі сияқты динамикалық модельден бас тартқан. Яғни сұраныс артқан сайын билет бағасы қымбаттамайды. Топтың ресми сайтында да «Барлық билеттің бағасы алдын ала тіркелген және еш өзгермейд...