Адам саудасы үшін қамауға алынған рэпер P. Diddy туралы Netflix деректі сериал түсірмек

Жарияланды 27 Қыркүйек 2024 10:48

(жаңартылды 27 Қыркүйек 2024 11:14)
post.authors.0.name

Рауан Мутаир

General News бөлімінің тілшісі rauan.mutairov01@gmail.com
Netflix снимет документальный сериал про P Diddy
P Diddy туралы Netflix деректі сериал түсірмек / Фото: коллаж kursiv.media, бильд-редактор: Артур Алескеров

Netflix компаниясы америкалық рэпер және продюсер P Diddy-дің өмірінің шындығын баяндайтын деректі сериал дайындап жатыр. Шоу рэпердің зорлық-зомбылық және адам саудасына қатысы бар деген айыптауларға негізделген.

P Diddy, шын есімі Шон Джон Комбс, 2024 жылы 17 қыркүйекте қамауға алынды. 2023 жылдан бастап оған зорлық-зомбылық және адам саудасымен айналысқаны үшін 10 айып тағылған болатын. Комбс өз кінәсін мойындамағанымен, бұл іс қоғамда үлкен талқыға түсті.

Деректі сериалды P Diddy-дің бұрынғы қарсыласы рэпер 50 Cent продюсерлейтіні жайлы Variety басылымы хабарлады. Жобаның режиссері Александария Стэплтон бұл сериал ондаған жылдарға созылған оқиғаларды қамтитынын мәлімдеді.

«Бұл көптеген адамға әсер еткен оқиға. Бұл тек соңғы жаңалықтар мен бейнероликтер ғана емес, бұл ондаған жылдарды қамтитын күрделі әңгіме», — дейді жоба авторлары.

Жоба жасаушылары Diddy-дің өмірін әртүрлі қырынан көрсетуге тырысады және бұрын үндемей келген адамдарға сөз бермекші. Олар, сондай-ақ, рэпердің қылықтары бүкіл хип-хоп мәдениетіне көлеңке түсірмеуі керек екенін атап өтті.

50 Cent мәлімдеуінше, сериалдан түскен қаражат сексуалды зорлық-зомбылық құрбандарына көмек көрсетуге бағытталады.

Еске сала кетейік, Америкалық рэперге, мәжбүрлі адам саудасы және жезөкшелікке тарту мақсатында құрбандарды ел ішінде және халықаралық шекаралар арқылы тасымалдау сияқты бірнеше айыптар тағылды. Айыптау қорытындысында, сондай-ақ Комбстың әйелдерге шабуыл жасағаны, оларға «соққы бергені, сүйрегені, заттар лақтырғаны және теуіп жібергені» туралы айтылған.

Сондай-ақ оқыңыз