Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек жоғары балмен грантқа ілінбей қалған абитуриенттерге қосымша 10 мың грант бөлінетінін айтты. Министрдің айтуынша, жоғары балл жинаған балалардың тізімі ректораттарға жіберіледі.
10 мың грантты әкімдіктер, жұмыс берушілер, «Қазақстан Халқына» қоры, шетел мемлекеттері және университеттердің өзі бөледі екен.
«Біз жоғары балл жинаған балалардың тізімін ректорларға жібереміз. Олар сол тізіммен талантты, мықты балаларды іріктеп алады. Университеттер ол балаларды өз университеттерінде оқуға шақырады. Шамамен 10 мыңға жуық грант қосымша бөлініп отыр. Сондықтан грантқа ие бола алмай қалған балаларға уайымдамасын деп айтқым келеді. Біз ұсынып отырған мүмкіндіктерді уақытылы пайдаланып үлгеруі керек...