Екібастұз қаласында «Самұрық-Қазына» АҚ қоғамдық кеңесінің көшпелі отырысы өтті. Жиын барысында АҚ құрамына кіретін негізгі энергетикалық нысандардың жылыту маусымына дайындығы талқыланды. Оның ішінде өңірдегі «Богатырь Көмір», Екібастұз ЖЭО, Екібастұз 2-МАЭС және Екібастұз 1-МАЭС станциялары бар.
«Самұрық-Қазына» АҚ Стратегия және активтерді басқару жөніндегі басқарушы директоры Ернат Бердіғұлов алдағы жылдары компания электр энергия генерациясын екі есеге ұлғайтатынын жеткізді. Бұл қалай жүзеге аспақ?
«Бүгінде Қазақстан 16 ГВт қуатты иеленіп отыр. Болашақта іске асырылып жатқан жобалар есебінен «Самұрық-Қазына» АҚ тағы 12 ГВт қуат енгізуді жоспарлап отыр. Осылайша, генерация екі есеге ұлғаяды. Бұл ең жоғары тұтыну кезеңдерінде энергиямен жабдықтаудың тұрақтылығы мәселесін...