Қазақстан Ұлттық Банкі Ұлттық қор активтерін басқару жөніндегі 2030 жылға дейінгі тұжырымдаманы әзірледі. Жоба Ашық НҚА порталына орналастырылды. Бұл құжат Ұлттық қор активтерін басқару процесін реттейді.
ҚҰБ әзірлеген Тұжырымдама инвестициялық саясатты, Ұлттық қордағы активтерді басқарудың негізгі қағидаттары мен тәсілдерін айқындайды. Өз кезегінде Ұлттық қорды қалыптастыру және пайдалану, яғни, мемлекеттік қаржыны басқару мәселелері МҚБТ ережелерімен айқындалады және реттеледі.
«Тұжырымдамада активтерді стратегиялық аллокациялауды жүзеге асыру үшін қажетті Ұлттық қор қаражатын ұзақмерзімді инвестициялау қағидаты белгіленген. Бұл тәуекелді және қорғаныс активтер класын құрамдастырып қолдануға мүмкіндік береді. Ұлттық қордағы жинақ портфелінің үлесі келесідей бөлінеді: 60% – облигациялар, 30% – акциялар...