«Самұрық-Энерго» өз акционеріне 2023 жыл үшін 20,6 млрд теңге дивиденд төледі. Компанияның жалғыз акционері – «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры.
«2024 жылғы 24 шілдеде «СамұрықЭнерго» АҚ Жалғыз акционерге 20 565 903 358 (жиырма миллиард бес жүз алпыс бес миллион тоғыз жүз үш мың үш жүз елу сегіз) теңге 08 тиын 2023 жылға дивидендтер төледі»,- делінген компания хабарламасында.
«Самұрық-Энерго» құрылымына 23 компания кіреді. Компанияның негізгі активтері Павлодар, Түркістан, Алматы облысында және Алматы қаласында орналасқан. «Самұрық-Энерго» тобына «Богатырь Көмір», «Алматы электр станциялары», «Екібастұз ГРЭС-1» және ГРЭС-2 (акцияларының 50%), Балқаш ЖЭО, «Алматы Энергосбыт» және т.б. кіреді.
Компанияны...