Бизнес-процесс үздіксіз жүре береді. Кейде әлденені жаңарту керек болады. Ал енді бірде түбегейлі өзгеріс қажет болып жаатады. Мұндайды «реинжинириң» деп атайды. Бұл не және ол қалай жасалады? Бүгінгі материалымыз — осы тақырып төңірегінде.
Реинжинириң деген не?
Клиентке арналған өнім не қызмет ұсыну үшін қызметкерлердің жасайтын әрекеттерінің реті бизнесс-процесс арқылы құрылады. Жұмысшы тарапынан барлығы уақытылы, келісілгендей жасалса да, кейде тәсілдер уақыт өте келе ескіретіні бар. Соның кесірінен жұмыс дұрыс жүрмей, өнімділік түседі. Мұндайда реинжинириң жасалады. Яғни компания көрсеткіштерін көтеру үшін бизнес-процестердің жобасын қайта жасап, түбегейлі өзгертеді. Реинжинириң оңтайландыру емес екенін айта кету керек. Басты айырмашылықтары мынада:
Бәрі түбінен бастап қаралады...