Импорттаушылар мен экспорттаушылар заңсыз кедендік баждарға қатысты шағымдануда. Бұл туралы Мәжіліс депутаттары Премьер-министр Олжас Бектеновке жолдаған сауалында жазды.
Мәжілісмендердің айтуынша, Мемлекеттік кірістер комитеті ірі бизнестің сыртқы экономикалық қызметін жіті бақыламайды. Бұл жағдай бюджетке төленетін төлемдердің төмендеуіне алып келген.
«Мемлекеттік кірістер комитеті ірі салық төлеушілерге талаптарды жеңілдетіп отыр. Шағын салық төлеушілерге қатысты керісінше қатаңдатты. Ал халықаралық тәжірибеде, керісінше, шағын бизнеске нақтырақ тәуекел критерийлері қолданылады. Өйткені оларда мемлекетке келетін шығын салыстырмалы түрде төмен», – деп атап өтті мәжілісмендер.
Сондай-ақ «Астана-1» АЖ кедендік декларациялау жүйесінің дұрыс жұмыс істемеуі 2023 жылдың өзінде бюджетке 2,5 млрд теңге аз...