Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті (МКК) алаяқтардың ведомство атын жамылып, жалған хабарламалар тарата бастағаны туралы хабарлады.
Комитет хабарлауынша, бұл хабарламалар салық төлеушілердің электронды поштасына «Заң бұзушылықтарды жою туралы ескерту, банктік шоттағы ақшаны пайдаланып бюджетке берешекті өндіріп алу» деген тақырыппен келеді.
«Мемлекеттік кірістер органдары жасаған барлық хабарлама нормативтік құқықтық актілермен бекітілгенін хабарлайды. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің ақпараттық жүйелерінде хабарламаларды қалыптастыру кезінде хабарлама нөмірлері оларға енгізілген алгоритм бойынша автоматты түрде қалыптастырылады», – деп ескертеді комитет.
Сонымен бірге комитет жеке электронды поштаға хабарлама жібермейтінін, МКК ақпараттық жүйелері хабарламаларды тек «Салық төлеушінің шотына», «Электронды...