«Майқайыңалтын» кен байыту фабрикасының аумағында болған төтенше жағдайға қатысты тың ақпарат шықты. Қайғылы оқиғадан жеті ай өткен соң, тағы бір құтқарушының мәйіті табылды. Ақпаратты Төтенше жағдайлар министрлігі растады.
Кәсіби әскерилендірілген апаттық-құтқару қызметінің орталық штабының қызметкері Айдос Шаймерденнің денесі бүгін таңғы сағат жетілер шамасында табылды.
«19 шілдеде «Майқайыңалтын» АҚ күшімен жер қазу жұмыстарын жүргізу кезінде 70 м тереңдікте бір құтқарушының денесі табылды, ол 4 қаңтарда «КӘАҚҚ РОШ» ЖШС-нің тағы үш құтқарушысымен бірге автобуста жұмыс істемейтін шахтаның тазарту кеңістігіне құлаған. Авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу орнына Павлодар облысы ТЖД құтқарушылары келді, олар «КӘАҚҚ РОШ» ЖШС-мен бірлесіп денені жер бетіне көтеріп...