Мәдениет және ақпарат министрлігі 22 Шілдеде «автокөліксіз күн» челленджін өткізбекші. Аталмыш іс-шара экологияны қолдау мақсатында және «Таза Қазақстан» акциясы шеңберінде, ұйымдастырылып отыр.
Мәдениет министрлігі қазақстандықтарға 22 шілдеде көліксіз жүруге шақырды. Бұл күні челленджге кез-келген адам қосыла алады.
«Ол үшін қатысушылар күні бойы көліктен бас тартуы керек. Ұйымдастырушылар қоғамдық көлікпен, велосипедпен, скутермен немесе жаяу жүруге кеңес береді»,- делінген хабарламада.
Акцияға қатысқысы келетін қазақстандықтар әлеуметтік желілерде #Автокөліксізкүн хэштегін және ұйымдастырушылардың Instagram-аккаунтын белгілей отырып, көліксіз қозғалыстарының фотосуреттерін немесе бейнелерін бөлісіп жариялауы тиіс.
Идеяның негізі мақсаты көліктен бір күнге бас тарту және соның арқасында ауаның ластануына, улы газдардың бөлінуін мейілінше азайтуға...