Ұлттық банк басшысы Тимур Сүлейменов KASE мен AIX биржасындағы жеңілдіктерді алып тастап, дивиденд пен бағалы қағаз құнына 5 пайыз салық салуды қолдамайтынын жеткізді.
«АХҚО-ны құру кезінде кейбір[салық] жеңілдіктерін бергендіктен, оларды қайта қараудың қажеті жоқ сияқты. Иә, ол жерде, шынымен, жақсы ақша бар. Егер дивидендке салық салатын болсақ, біз қосымша пайда алар едік. Алайда бұл қор бижасын «сауын сиыр» болсын деп емес, қаржы құралдарын жасап, жаңа инвесторлар тартып, жұмыс орнын ашу үшін құрдық. Бұның бәрі ақырындап жүзеге асып жатыр», — деді Ұлттық банк басшысы.
Тимур Сүлейменов Қазақстанның өзіндік инвестициялық имиджі бар екенін атап өтт...