Салтанат Нүкенованың өліміне қатысты іс бойынша сотталған бұрынғы Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев пен оның туысы Бақытжан Байжановтың шағымы апелляциялық сотқа келіп түсті.
Сот кабинетінде жарияланған ақпаратқа сүйенсек, Байжанов пен Бишімбаевтың шағымы апелляциялық сотқа 11 маусымда келіп түскен.
«Судьяның а.ж. 11 маусымдағы қаулысымен аталған істі қарау 2024 жылғы 26 маусым сағат 10.00-ге тағайындалды», – делінген Астана соттарының хабарламасында.
Сот үкімі
Еске сала кетсек, кеше 13 мамырда өзінің азаматтық некедегі әйелін өлтірді деген күдікпен ұсталып, сот ісі ашық жүргізілген бұрынғы Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев пен оның туысы Бақытжан Байжановқа қатысты сот үкім...