Қазақстан Versatile Excellence Travel Awards (VETA) марапаттау рәсімінде үндістандық туристер үшін ең үздік тренд бағыты болып танылды. Бұл Үндістанның туризм саласындағы жыл сайынғы ірі іс-шараларының бірі, онда саланың дамуында айтарлықтай өсім көрсеткен үздік компаниялар мен туристік орындар көрсетілді-деп, хабарлайды Мәдениет және спорт министрлігі.
Travelscapes – үкіметтік мекемелер, бірінші дәрежелі қонақүйлер, Туризм индустриясы, елшіліктер және корпоративтік секторлар арасында танымал үнділік кәсіби b2b басылымы.
Марапаттау рәсіміне ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Туризм индустриясы комитетінің төрағасы Дастан Рыспеков қатысты.
«Үндістан азаматтары үшін 14 күндік визасыз режим енгізілгеннен бері біз Қазақстанға үнді саяхатшылары санының айтарлықтай өскенін көріп отырмыз және біз танымал туристік бағыт ретінде...