2024 жылғы 1 қаңтардан бастап «Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасы іске қосылды. Бұған дейін белгілі болғандай, биылдан бастап Ұлттық қордың инвестициялық табысының 50%-ы балалардың жеке шотына аударылады.
Қазір Әділет министрлігінің дерекқоры негізінде 2024 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша 18-ге толмаған балалардың тізімі түзіліп жатыр. Ақпан айының алғашқы күнінен бастап 18 жасқа толмаған балалардың барлығына белгіленген көлемде қаражат жолданады.
Бағдарламаның басталатынын білгеннен кейін ата-аналар цифрлық құжаттарды ақтара бастады. Қызық сол кезде басталды. Кейбір балалардың дерегі цифрлық құжаттан табылмады немесе қате толтырылғаны анықталды. Бұл жағдай ата-аналардың алаңдаушылығын туғызды. Осыған орай «Азаматтарға арналған үкімет» АҚ хабарлама таратты.
«Бүгінг...