ҚР Ұлттық Банкі 2023 жылдың желтоқсан айында іскерлік белсенділік индексі 49,0-ден 48,7-ге дейін төмендеді деп хабарлады.
«Индекстің динамикасына тау-кен өнеркәсібі мен қызмет көрсету секторындағы көрсеткіштің төмендеуі әсер етті. Бұл секторларда барлық құрауыштың төмендегені байқалды. Тиісінше, индекстер 46,8 және 47,8 (қарашада – 47,2 және 48,4) болды. Тау-кен өндіру өнеркәсібінде, әсіресе, жаңа тапсырыстар көлемі азайды»-делінген хабарламада.
Айта кетейік, іскерлік белсенділік өндіріс пен құрылыста жақсарғанын байқалады. Мұнда көрсеткіштер тиісінше 51,8 (қарашада – 51,4) және 50,2 (қарашада – 50,3) болды. Құрылыс пен өндірісте жеткізілім мерзімінен басқа барлық құрауыштар жақсарды.
ҚР Ұлттық Банктің хабарлауынша, қазіргі және болашақ бизнес жағдайларды бағалау көрсеткіші айтарлықтай өзгерген жоқ. Қазіргі және болашақ бизнес жағдайларды...