Үкімет комиссиясы «АрселорМиттал Теміртау» кәсіпорнының Костенко шахтасындағы апатқа 100 пайыз жұмыс беруші кінәлі деп таныды. Жұмысты қауіпсіз орындау талаптарын бұзған 19 жауапты тұлға анықталған. ТЖМ апатты тергеп жатқан үкіметтік комиссия жұмысын аяқтағанын хабарлады.
Комиссия техникалық құжаттама, айғақтар мен басқа материалдарды егжей-тегжей зерделеген көрінеді.
«Нәтижесінде өрт және метан-ауа қоспасының одан әрі жарылуы қырғыш конвейер элементтерінің соққысы мен үйкелісінен пайда болған механикалық ұшқыннан газдың (метанның) тұтануының болғаны анықталды. Газдың өзі астыңғы төсемеден бөлінген. Комиссия өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарының бұзылушылықтарын да анықтады», – делінген хабарламада.
Комиссия өнеркәсіптегі қауіпсіздік талаптары да бұзылғанын анықтаған. Атап айтқанда, жұмысты...