Алматылық «Қайраттың» Чемпиондар лигасына жолдама алуы тек Қазақстан футболының тарихындағы үлкен жетістік қана емес, сонымен бірге әлемдік футбол жанкүйерлерін қуантатын ерекше жаңалыққа себеп болды. EA Sports компаниясы жақында таныстырған EA Sports FC 26 ойынында «Қайрат» клубы пайда болады.
EA FC 26 ойыны жанкүйерлер үшін үлкен жаңалықтарға толы. Жаңа нұсқада дриблинг механикасы түбегейлі өзгеріп, ойыншылардың алаңдағы орналасуы жасанды интеллект арқылы әлдеқайда ақылдырақ болмақ. Қақпашылардың анимациясы да шынайы ойынға барынша жақындайды.
Ойын екі түрлі режимді ұсынады:
Competitive — қарқынды әрекет пен ақылды AI-ға негізделген, Ultimate Team және Clubs режиміне арналған; Authentic — нағыз футболға тән тактика мен мінез-құлықты қамтитын, Career Mode...