Қазір сайттарды аша қалсаңыз, көз тартатын дизайн, жан-жақты ойластырылған әрі түсінікті интерфейстен тұрады. Мәтіннің де оқылымды болып, батырмалардың да басқан сәтті бірден керек бетті ашып бере салуына жауап беретін маман «фронтендер» деп аталады. Оны тігіншіге ұқсатуға болады. Мәселен дизайнер эскизін сызып берген соң, тігінші іске кіріседі. Киімнің денеге қонымды тұруына, еш жерді қыспай, дене бітімге құйып қойғанда жараса кетуі үшін барын салады. Сайтта да солай: фронтендер дизайнердің макетті алады да, содан жинақы, түсінікті өнім жасайды. Әлдебір элементтердің контентті жауып қалмауын, скрипттердің дұрыс істеп тұруын, батырмалардың басылуын — бәрін осы маман реттейді. Сайттың функционалы мен кодын визуал көрініспен біріктіріп, қолданушыға қолайлы...
Жаңалықтар
Мемлекет басшысы қыркүйектегі жолдауында Қазақстанда үш жаңа шетелдік банктің филиалдары ашу туралы тапсырма берді.
«Елімізде 21 қаржы ұйымы қызметін жалғастыруда. Бұл ретте бірнеше ірі банктер ғана корпоративтік несиелеумен, яғни экономикалық жобаларды қаржыландырумен айналысады. Сондықтан ұлғайту мақсатында бұл саладағы бәсекелестік үшін елімізге сенімді шетелдік үш банк тартылуы керек», – деген еді Мемлекет басшысы.
Бұл ретте сарапшылар Қазақстан нарығына шетелдік банктер келсе, несие беру саясаты тұтынушыларға да, бизнес өкілдеріне де тиімді болады, деп топшылауда.
Қазір елімізде 21 екінші деңгейлі банк бар. Оның 11-і шетелдік банктің қатысуымен жұмыс істейді. Ал 8-і халықаралық банктің еншілес қаржы ұйымы. Экономистер, сырттан...
Олжас Жиенқұл — Сингапурде инвестициялық компаниясын ашып қана қоймай, жобасын сәтті іске асырып жатқан кәсіпкер. Ол — Investbanq-тің CEO-cы және негізін қалаған. Шыны керек, мұндай деңгей отандық IT-де жиі кездесе бермейді. Сонымен қатар, Олжас Forbes-тің 30 жасқа дейінгілерді қамтитын 30 үздігінің қатарына кірген. Брокерлік және консалтиң компанияларды істеген талай жылдық тәжірибесі бар Олжаспен дижитал инвестициялық банкиң және қазақстандық стартаптардың әлеуеті туралы сөйлестік.
– Дижитал инвестициялық банкиң жүйесін бір жолға қою үшін жұмыс істеп жатқаныңызды білеміз. Бұл саланың жұмыс принципімен мүлдем таныс емес адамдарға немен айналысатыңызды түсіндіре кетсек.
– Дижитал инвестициялық банктің негізгі идеясы – клиенттерге қаржы құралдарының барлық түріне...
Германияға «Адамова застава» мұнай тапсыру пунктінің бағыты бойынша «Транснефть» ЖАҚ магистральдық мұнай құбырлары жүйесі бойынша қазақстандық мұнайды тасымалдау көлемі жоспарланған 100 мың тоннадан 154 мың тоннаға дейін ұлғаяды. Бұл туралы «ҚазТрансОйл» АҚ тасымалдау департаментінің директоры Абай Бейсембаев Қазақстан қор биржасы ұйымдастырған Эмитент күнінде хабарлады.
Қара теңіз суындағы күрделі метеорологиялық жағдайларға қарамастан, «ҚазТрансОйл» АҚ жүк жөнелтушілер алдындағы өз міндеттемелерін толық орындауда. «Транснефть» ЖАҚ тарапынан бүгінгі күнге ешқандай шектеулер жоқ. «Каспий Құбыр Консорциумы» АҚ жүйесі бойынша мұнайды тасымалдаудың шектеулеріне байланысты «ҚазТрансОйл АҚ-та мұнайды біздің жүйе арқылы тасымалдау жүзеге асырғысы келетін бірқатар жүк жөнелтушілер жүгінді. «Транснефть» ЖАҚ-пен «Қарашығанақ Петролиум...
50 Cent-тің Алматыдағы концертінен кейін Instagram парақшасында жазған посты қазақстандықтардың ашуына тиді. Желі қолданушылары оны Қазақстанды «Борат» фильмімен байланыстырды деп ашуланды
Американдық рэпер 50 Cent Қазақстанда өткен концерт туралы пікір білдірген. Оның постының астында 3 мыңнан астам комментарий жазылған.
«Алматы, Қазақстан керемет болды. Егер сіз «Борат» фильмімен баға беретін болсаңыз, менің не айтып тұрғанымды түсінбейсіз. Мен жаһандық (адаммын – ред.)», — деп жазды әнші.
Алайда репэрдің жазбасын тікелей аударғанда мағынасы мүлдем басқа болады: «Егер «Борат» фильм...
Астананың қылмыстық істер жөніндегі соты «тыйым салынған ұйымның қызметіне қатысты» және «экстремизмді қаржыландырды» деп айыпталған белсенді Марат Жыланбаевқа қатысты үкім шығарды.
Соттың таратқан ақпаратына сәйкес, «Жыланбаев Қазақстан аумағында тыйым салынған «Қазақстанның демократиялық таңдауы» экстремистік ұйымының (ҚДТ – ред.) жақтаушысы бола отырып, ҚДТ көшбасшысымен және оның шетелдік штабымен байланыста болып, олардан Қазақстан Республикасының Конституциялық құрылымын күштеп өзгерту мақсатын көздейтін тапсырмалар мен нұсқаулар алған.
“Жыланбаев шетелде жасырынып жүрген «ҚДТ» штабының үйлестірушісімен алдын ала сөз байласып, экстремистік қызметті жүзеге асыру үшін пайдаланылатынын біле тұра, қаржылық, ақпараттық және өзге де қызметтерді ұйымдастырған», – делінген Астана сот баспасөз қызметінде.
Қорғаушы тарап сотталушыны оны...
Коллаж: kursiv.media
Тимур Құлыбаевқа тиесілі «Каспий Нефть» мұнай компаниясы Астананың AIX биржасынан кететін болды. Бұл туралы Қазақстан қор биржасына жолданған хабарламада жазылған.
Делистинг жайлы шешімді компанияның жалғыз акционері Joint Resources компаниясы қабылдаған. Ал Құлыбаев Joint Resources арқылы қатарында «Каспий Нефть» бар, бірнеше компанияға иелік тетеді.
«Каспий Нефть» компаниясының жай акцияларын биржаның ресми тізімінен шығару туралы шешім 29 қарашада қабылданған. Оның бағалы қағаздары 2023 жылдың 1 желтоқсанынан бастап AIX-те сатылмайды. Осы шешімді жүзеге асыру серіктестіктің бас директоры Серік Тыранға тапсырылған. Бұл ретте компанияның бағалы қағаздары KASE-де саудалана береді.
2023 жылдың 30 қыркүйегі мен 2022 жылдың 31 желтоқсанындағы...
Корея өтеусіз негізде Қырғызстанның ішкі істер министрлігіне электромобильдер береді. Бұл туралы 24.kg сайты хабарлады.
Тиісті меморандумға құқық қорғау ведомствосы басшысының бірінші орынбасары Әділбек Бийбосынов және Корея Республикасының Қырғыз Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Ли Вонджэ қол қойды.
Полицияның қажеттілігі үшін 170 мың долларға электрокөліктер сатып алынады.
Әділбек Бийбосынов министрлік қауіпсіздік саласындағы халықаралық әріптестермен ынтымақтастықты белсенді дамытып, нығайтып келе жатқанын атап өтті. Ағымдағы жылдың қазан айында ҚР ІІМ мен Корея Республикасының Ұлттық полиция агенттігі арасында өзара түсіністік және өзара іс-қимыл туралы Меморандумға қол қойылды.
ШҚО, Абай облыстарында аудандар қайта қалпына келтіріледі. Тиісті ққұжат «Ашық НҚА» порталына талқылауға шығарылды.
«Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабына сәйкес, Шығыс Қазақстан облысы Қатонқарағай ауданының әкімшілік орталығы Шығыс Қазақстан облысы Қатонқарағай ауданының Үлкен Нарын ауылынан Қатонқарағай ауылына көшіріледі.
«Шығыс Қазақстан облысының құрамында: 1) Қатонқарағай ауданының құрамынан бөлу жолымен әкімшілік орталығы Үлкен Нарын ауылында орналасатын Үлкен Нарын ауданы; 2) Күршім ауданының құрамынан бөлу жолымен әкімшілік орталығы Марқакөл ауылында орналасатын Марқакөл ауданы құрылсын», делінген құжатта.
Ал Абай облысының құрамындағы Үржар ауданының құрамынан бөлу жолымен әкімшілік орталығы Мақаншы ауылында орналасатын...
Мәскеуде өткен Еуразиялық экономикалық комиссия (ЕЭК) кеңесінің кезекті отырысында Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) елдеріне электромобильдерді бажсыз әкелу мерзімін 2 жылға ұзарту туралы шешім қабылданды.
Сәйкесінше 2025 жылдың 31 желтоқсанына дейін электромобильдер бажсыз тасымалданатын болды. ҚР Сауда және интеграция министрлігінің хабарлауынша, бұл бастама электромобиль нарығын одан әрі дамытуға, электромобильдерді қуаттау инфрақұрылымын жақсартуға және ірі қалалардағы экологиялық жағдайды дұрыстауға ықпал етеді.
27 қазанда Бішкекте өткен Еуразиялық үкіметаралық кеңестің кеңейтілген құрамдағы отырысында электромобильдерді кедендік баж салығынан босату мәселесі қаралды. Жиынға Қазақстан атынан Үкімет басшысының орынбасары Серік Жұманғарин қатысты.
«Қазақстанға электр қозғалтқышы бар жеңіл көліктерді бажсыз әкелу мерзім...
Фото: kursiv.media
Қазақстан Палестинаға 38 тоннадан асатын гуманитарлық көмек жібереді. Оған азық-түлік, төсек-орын жабдықтары, дәрі-дәрмек және медициналық бұйымдар кіреді.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Палестинаға қосымша гуманитарлық көмек жіберуді тапсырған.
Үкіметтің баспасөз қызметінің хабарлауынша, бұл мәселе ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары Роман Склярдың төрағалығымен өткен комиссия отырысында талқыланған.
«Гуманитарлық көмекке жалпы салмағы 38 тоннадан асатын азық-түлік, төсек-орын жабдықтары, дәрі-дәрмек және медициналық бұйымдар кіреді», – делінген хабарламада.
Бұл жүк жақын арада әуе көлігімен жөнелтіледі.
Қазақстанның қолдауы Газа секторында орын алған гуманитарлық апатты жағдайға байланысты Палестина еліне көмек көрсетуге бағытталған.
Бұған дейін Қазақстан Палестина халқына $1 млн көлемінде гуманитарлық көмек көрсеткен болатын.
АҚШ негізгі сауда серіктестерінің 10 валютасына шаққанда доллардың бағамы тамыз айының басынан бері ең төменгі деңгейге дейін әлсіреді. Бұған себеп ретінде Федералды резервтік жүйенің (ФРЖ) мамыр айында пайыздық мөлшерлемелерді төмендеткені айтылуда.
Bloomberg хабарлауынша, 28 қарашадағы сауда сессиясы Bloomberg Dollar Spot индексінің мәніқатарынан бесінші рет төмендеген. Басылым рецессияға қатысты алаңдаушылық және ФРЖ-ныңпайыздық мөлшерлемені төмендетуі себеп болғанын жазады.
«Топ-10» валюта ішінен (АҚШ доллары, Канада доллары, Австралия доллары, еуро, Жапон йені, Жаңа Зеландия доллары, Норвегия және швед кроны, Фунт стерлинг, Швейцария франкі) Жаңа Зеландия доллары көшбасшы болған. Себеп елдің Орталық банкі келер жылы пайыздық мөлшерлемені көтеру туралы болжам айтқан. Сонымен қатар, жапон йені екі айлық максимумғажетті.
«Доллар біз ФРЖ-дан нарықтық өзгерістер көрмейінше осал болады. Өзгеріс 2024 жылы болуы мүмкін...
«Вагнер» жасағы құрамында Украинадағы соғысқа қатысқан Қазақстан азаматы 6 жыл 8 айға бас бостандығынан айырылды. Бұл жайлы Қарағанды облысының Қазыбек аудандық сотының баспасөз қызметі хабарлады.
«Сотқа дейінгі тергеп-тексеру органдары Ш.-ға Қылмыстық кодекстің 170-бабының 3-бөлігімен, жалдамалының конституциялық құрылысты құлатуға және бұзуға немесе аумақтық тұтастығын бұзуға бағытталған қарулы қақтығысқа, әскери іс-қимылдарға және өзге де күш қолдану әрекеттеріне қатысқаны үшін айыпталды»,- делінген сот хабарламасында.
Тергеу мәліметтері бойынша айыпталушы жасаған қылмысына өкінген. Осы жылдың наурыз айында азамат Шомполов «ВК» әлеуметтік желісі арқылы «Вагнер» жеке әскери жасағына адам жинап жатқанын біліп, қомақты қаражатқа Украина аумағында ұрыс қимылдарына...
Қазақстандықтар балаларына алимент түрінде 22 миллиард теңге қарыз. Прокуратура борышкерлердің есепке алынбаған кіріс көздерін анықтаудың жаңа тәсілін әзірлеуде. Бұл туралы қадағалау органының баспасөз қызметі хабарлады.
«Қазіргі уақытта қазақстандықтардың өндірілмеген қарыз көлемі 22 млрд теңгені құрап отыр», – делінген хабарламада.
Прокуратураның дерегінше, алименттің төленбеуіне борышкерлердің жұмыссыздығы мен тұрақты табысының жоқтығы себеп болып отыр.
Мәселе бос орындар жәрмеңкесін өткізу арқылы шешіліп жатыр. Белгілі болғандай, соңғы 2 жылда 200-ге жуық бос орындар жәрмеңкесі ұйымдастырылған.
«Жұмыспен қамту орталықтарына 20 мың жұмыссыз борышкер тіркелді, оның 9,5 мыңы жұмысқа орналастырылды», – делінген хабарламада.
Қарағанды облысының тұрғыны 2020 жылдан бері Binance арқылы заңсыз криптовалюта сатып келген. Оның әмиянына түскен криптовалюта түсімінің сомасы 205 мың АҚШ доллары немесе 95 млн теңгеден асқан.
Күдікті Binance биржасы арқылы ұлының әмиянынан криптовалюта сатқан. АХҚО мәліметінше, олардың заңды тұлға ретінде айырбастау операцияларын жүргізуге лицензиясы болмаған.
ҚМА Қарағанды облысы бойынша Департаменті аса ірі мөлшерде кіріс алумен ұштасқан қылыстық істі сотқа дейінгі тергеуді бастаған.
«Күдікті тұлға атамыш биржада сатып алушылардың крипто-әмияндарына оның ұлының крипто-әмияндарынан аударымдар арқылы криптовалютаны сатуды жүзеге асыратыны анықталды. АХҚО ақпаратына сәйкес, аталған тұлғалардың ешқайсысында заңды тұлға ретінде айырбастау операцияларын жүзеге асыруға...
«Көкжиде» жер асты су қорының үстінде тұрған мұнай компаниялы бұрғылау жұмыстарын 2028-2030 жылдарға дейін тоқтатады. Бұл жайлы депутаттардың сауалына берген жауабында премьер-министр Әлихан Смайылов айтты.
Сауал: Депутаттар «Көкжиде» су қорының ластанып жатқанын айтып, сауал жолдаған. Олардың айтуынша ластану 2020 жылы тіркелген. Ол жылы Көкжиде жер асты суларында мұнай өнімдерінің құрамы шекті рұқсат етілген концентрациядан 6 есеге дейін асып кеткені анықталған. Ал 2021 жылы тіркелген компанияларға қомақты көлемді айыппұл салынған.
«Осы бірегей жерасты суларын сақтау мақсатында Ақтөбе облысы әкімдігінің тапсырысы бойынша 2009 жылдан 2019 жылға дейін «Көкжиде» Құмы объектісіндегі 38 ұңғымаға мемлекеттік экологиялық зерттеулер...
Қазақстанда шағын және орта бизнесті жаңартылатын энергия көздерін (ЖЭК) пайдалануға көшуге ынталандырып, ал шетелдік инвесторлар қазақстандық ЖЭК-ке инвестиция құю үшін оларға жер беру керек. Бұл туралы Ұлттық экономика министрлігі жанындағы Экономикалық зерттеулер институты орталығының директоры Ерлан Кәрімов айтты.
«Жүргізілген талдау негізінде мынадай қорытындылары мен ұсынымдарын жасауға болады: халық пен ШОБ субъектілерінің ЖЭК технологияларын пайдалануды ынталандыру тетіктерін әзірлеу, сондай-ақ шетелдік резиденттерге ЖЭК жобаларына жер бөлу мәселесін қарастыру», – делінген басылымда.
Сондай-ақ, Кәрімов батыс аймақты Қазақстанның бірыңғай энергожүйесіне қосу процесін жеделдетуді ұсынады. Оның айтуынша, елдің батысындағы энергия жүйесінде (БЭЖ) апатты жағдайлардың көптігі, резервтердің жоқтығы және облыстар арасындағы Электр байланысының әлсіздігі сынды проблемалар бар. Батыс аймақты БЭЖ қосу авариялық өшу тәуекелдерін азайтуға, өңірдің ресейлік электр энергиясына тәуелділігін төмендетуге болады. Сонымен қатар...
Фото: kursiv.media
«Қазатомөнеркәсіп» Ұлттық атом компаниясының акциялары Лондон қор биржасындағы сауда-саттықта 3,43% жоғалтты.
Freedom Broker сарапшылары компания бағалы қағаздарының еш себепсіз 3,4%-ға төмендеуі (уран ETF-тері айтарлықтай құлдырамады) жергілікті «жазық трендке» көшу белгісі болуы мүмкін деп пайымдайды.
«Уран ETF-тері айтарлықтай құлдырамады және уран бағасы тұрақты болып тұр. Біздің ойымызша, баға белгіленім енді «жазық трендке» көшіп жатқаны жайлы белгі беріп тұр», -деп жазылған қор нарығына шолуда.
Қарашаның басында KASE мен Лондон қор биржасындағы сауда-саттықта Ұлттық атом компаниясының акциялары біршама арзандаған болатын. Сол кезде сарапшылар компанияның жақында жарияланған өнеркәсіптік есебі аса жаман...
Коллаж: kursiv.media
«Қазпошта» АҚ-да жүргізілген тексеру барысында 273 млн теңгеден астам қаржының жымқырылғаны анықталды. Бұл туралы ұлттық пошта операторының сайтында жазылды
«2023 жылдың қорытындысы бойынша бірқатар өңірлерде жалпы сомасы 273 млн теңгені құрайтын қаржылық заң бұзушылықтар анықталды», – делінген ресми хабарламада.
Ішкі тексеру материалдары процессуалдық шешім қабылдау және күдіктілерді жауапқа тарту, сондай-ақ келтірілген шығын сомасын өтеу үшін экономикалық тергеу департаментіне жолданды.
«Заң бұзушылық фактілері қатарында жымқыру, алаяқтық, ұрлық және заңсыз сыйақы алу фактілері бар», – деп нақтылады «Қазпошта» АҚ сайты.
Белгілі болғандай, «Қазпоштаның» 7 өңірлік филиалында 11 қылмыстық іс...
Қазақстанның көптеген өңірлерінде желтоқсаннан бастап күн суытып, қар түседі / Фото: kursiv.media
Қазақстанның көптеген аймағында жылы ауа-райы сақталып тұр. «Казгидрометтің» хабарлауынша еліміздің көптеген өңірлерінде қар желтоқсан айының ортасына қарай түседі.
«Болжамға сәйкес, Қазақстанның басым бөлігінде қар жамылғысы желтоқсанның бірінші онкүндігінің соңында, ал республиканың оңтүстік-батысында, оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында айдың екінші жартысында түседі деп болжануда»,- деп жазылған ауа-райы болжамында.
Сонымен бірге Қазгидромет болжамы бойынша желтоқсан айының басында Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашын болып, тұман мен көктайғаққа ұласуы мүмкін. Ал солтүстік өңірлерде қосымша ұйытқыған жел мен бұрқасын соғады деп күтілуде.
«Желтоқсан айының бірінш...
«Банк ЦентрКредит» АҚ нарықтан 200 млн доллар қарыз алмақ. Ол үшін қаржы ұйымы айналым мерзімі 12 айдан аспайтын облигацияларын шығарады. Бұл туралы банктің Қазақстан қор биржасына жолдаған хабарламасында жазылған.
Бұл шешім қаржы ұйымы директорлар кеңесінің 28 қарашадағы жиынында қабылданған.
«Банк ЦентрКредит» АҚ-ның айналым мерзімі 12 (он екі) айдан аспайтын облигацияларының 4 шығарылымы арқылы «Банк ЦентрКредит» АҚ-тың міндеттемелерін 200 000 000 (екі жүз миллион) АҚШ доллары сомасына ұлғайту бекітілсін», – делінген хабарламада.
Сонымен қатар банктің айналым мерзімі 12 айдан аспайтын облигациялары 4-шығарылымының талаптары бекітілмек.
Шығарылатын облигациялардың номиналды құны – 10 мы...
Мәскеу арбитражды соты СПБ биржасының банкрот деп тану туралы арызын қайтарғанын растады, деп хабарлайды Ведомости басылымы.
«СПБ биржасының» өзін банкрот деп тану туралы арызы кері қайтарылсын», – делінген құжатта.
Соттың хабарлауынша, арызды қайтаруға банкроттық туралы заңмен белгіленген сотқа дейінгі тәртіп бойынша «Федресурс» базасында тиісті хабарландыру орнатпағаны себеп болған. Сондай-ақ арызыдың негізділігін дәлелдейтін деректер де берілмеген.
Мәскеу арбитраждық сотына «СПБ биржасының» банкрот деп тану туралы арызы 24 қарашада түскен. Арыз қағазында өтініш берушінің аты-жөні мен талап сомасы көрсетілмеген. Ал 27 қараша күні таңертең бұл жаңалық БАҚ-қа шығып, биржа акциялары 35%-ға құлдырап кеткен...
Қазақстан Азия инфрақұрылымдық инвестициялау банкі халықаралық қаржы институтынан және Азия даму банкінен 700 млн доллар несие алуға өтініш берген.
Банктің ресми сайтындағы ақпаратқа сүйенсек, Қазақстанның өтініші 2023 жылдың 9 қарашасында банктің қарауына жіберілген, 14 желтоқсанда шешім қабылдануға тиіс. Егер несие берілген жағдайда Қазақстан қарызды 2024 жылдың 31 желтоқсанында жабу қажет. Қазақстан тарапынан жауапты тұлға ретінде Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаевтың есімі көрсетілген.
Азия инфрақұрылымдық инвестициялау банкі жариялаған құжатқа сәйкес, Қазақстанға берілуі мүмкін қаржы 350 млн доллар деп көрсетілген. Алайда, бұдан бөлек, осы құжатта Қазақстанға Азия даму банкінен де 350 млн доллар қарыз берілуі мүмкін екені жазылып, жалпы қарыз көлем...
Қара теңіздегі дауыл салдарынан Қашағандағы мұнай өндіріс 38%-ға, 33 мың тоннаға дейін қысқарды. Бұл туралы ҚР «Отын-энергетика кешенін ситуациялық талдау орталығы» хабарлады.
«Кеше NCOC компаниясы мұнай өндіруді 38 пайызға, яғни 54 мың тоннадан 33 мың тоннаға дейін қысқартқанын хабарлады. ТШО 26 қарашада өндірісті 50 пайызға, ал 28 қарашада тағы 10 пайызға қысқартқан болатын», – деп жазады орталық.
26 қараша күні қазақ мұнайының 80 пайызын тасымалдайтын Каспий Құбыр консорциуымы мұнай қабылдауды уақытша тоқтатқан болатын. Оған Қара теңіздегі қолайсыз ауа райы мен дауыл себеп. Бұндай ауа райында КҚК мұнай тиеп жөнелтпейді. Ал терминалдағы танкерлер...