Қазақстан халықаралық қаржы институттарынан 700 млн доллар несие алуға өтініш берген: Қаражат қайда жұмсалады?

Жарияланды (жаңартылды )
Қазақстан халықаралық қаржы институттарынан 700 млн доллар несие алуға өтініш берген / shutterstock

Қазақстан Азия инфрақұрылымдық инвестициялау банкі халықаралық қаржы институтынан және Азия даму банкінен 700 млн доллар несие алуға өтініш берген.

Банктің ресми сайтындағы ақпаратқа сүйенсек, Қазақстанның өтініші 2023 жылдың 9 қарашасында банктің қарауына жіберілген, 14 желтоқсанда шешім қабылдануға тиіс. Егер несие берілген жағдайда Қазақстан қарызды 2024 жылдың 31 желтоқсанында жабу қажет. Қазақстан тарапынан жауапты тұлға ретінде Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаевтың есімі көрсетілген.

Азия инфрақұрылымдық инвестициялау банкі жариялаған құжатқа сәйкес, Қазақстанға берілуі мүмкін қаржы 350 млн доллар деп көрсетілген. Алайда, бұдан бөлек, осы құжатта Қазақстанға Азия даму банкінен де 350 млн доллар қарыз берілуі мүмкін екені жазылып, жалпы қарыз көлемі 700 млн доллар деп көрсетілген.

Құжатқа сәйкес, бұл қаржы Қазақстан үкіметіне COVID-19 пандемиясынан кейін экономиканы қалпына келтіруге көрмектесуге тиіс. Қаражат банк саласы мен капитал нарығы және қаржылық тұрақтылық саласында реформа жасауға жұмсалуы қажет.

Осыған дейін Азия инфрақұрылымдық инвестициялар банкі (АИИБ) Жамбыл облысында салынатын «Шоқпар» ЖЭС-і құрылысына 36 млн доллар несие беретіні туралы айтылған

ҚР ҰЭМ және Азия Инфрақұрылымдық Инвестициялар Банкі Қазақстанда инфрақұрылымдық жобаларды бірлесіп жүзеге асыруды бастаған.

Сондай-ақ оқыңыз