Бүгін елордада Қасым-Жомарт Тоқаев пен Эмманюэль Макронның кеңейтілген құрамдағы кездесуі өтті. Бұл туралы мемлекет басшысының баспасөз қызметі хабарлады.
Қазақстан мен Францияның ресми делегация мүшелері бірқатар құжатқа қол қойды.Келіссөздер нәтижесінде Қазақстан мен Франция басшылары бірлескен мәлімдеме жасады.
«Тараптар «QazBioPharm «ҰХ» АҚ мен Boehringer Ingelheim Animal Health France компаниясы арасында Қазақстан Республикасында аусылға қарсы вакцинаны жергілікті өндіру бойынша ынтымақтастық, лицензия және жеткізу туралы келісімге қол қойды.
Энергияны жинақтау жүйесі бар, жиынтық қуаты 1 ГВт жел электр станцияларын салу жобасы бойынша бірлескен кәсіпорын мен Қазақстанда теміржол техникасының қосалқы бөлшектерін өндіру және оларға сервистік қызмет көрсету» жобасын...