Бүгін, 24 қазанда WhatsApp барлық төртінші буын Android смартфондарында жұмысын тоқтатады. Бұл туралы мессенджердің анықтама орталығы хабарлады.
Компанияның хабарламасында 2023 жылдың 24 қазанынан бастап тек Android ОЖ 5.0 және одан жоғары нұсқаларына қолдау көрсетілетіні айтылған.
«Нөмірді растау кезінде телефоныңыз SMS немесе қоңыраулар қабылдай алуы керек. Біз тек Wi-Fi қосылымын пайдаланатын құрылғыларда жаңа тіркелгілерді қосуды қолдамаймыз», — делінген хабарламада.
WhatsApp қандай телефон модельдерінде жұмысын тоқтатады. 91mobiles басылымының редакциясы WhatsApp жұмысын тоқтататын смартфондар мен планшеттердің 16 моделін тізімдеді.
Тізімге Android 4.1 нұсқалы құрылғылар кірді.
Оларға Samsung Galaxy Note 2 (2012), Samsung Galaxy S2 (2011), Samsung Galaxy Nexus (2011), Samsung Galaxy...