Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған Израильдегі қақтығыстың түбегейлі шешілуі үшін «астанасы Иерусалим болатын, 1967 жылғы шекарада Палестина мемлекетін құру» қажет екенін айтты. Бұл туралы Anadolu агенттігі жазды.
«Біз бейбітшілікті қалпына келтіру үшін бастаған дипломатиялық күш-жігерімізді жандандыруға және жалғастыруға бел байладық», – деді Ердоған.
Оның айтуынша, Таяу Шығыста тұрақты бейбітшілік Израиль мен Палестина арасындағы қақтығысты түпкілікті шешкеннен кейін ғана мүмкін болады. Ол үшін, Ердоған, астанасы Иерусалим болатын тәуелсіз және географиялық интеграцияланған Палестина мемлекетін құру қажет деп санайды.
«Астанасы Шығыс Иерусалим болатын 1967 жылғы шекарада тәуелсіз Палестина мемлекетін құруды енді кейінге қалдыруға...