Үкіметтің жаңа құрамы бекітілді. Бұған дейінгі құрамда болған министрлердің көпшілігі қызметін әрі қарай жалғастырады. Тек энергетика министрлігі мен сыртқы істер министрлігінің басшысы ауысты.
Кеше ғана бензин мен дизель отыны бағасы қымбаттайды деген Болат Ақшолақов енді энергетика министрлігін басқармайды. 2022 жылдың қаңтарынан бері министр болған ол президенттің кеңесшісі болып тағайындалды.
Ал оның орнына 2021-2023 жылдары бері «Самұрық-Қазына» қорын басқарған Алмасадам Сәтқалиев келді.
Тағы бір өзгеріс сыртқы істер министрлігінде болды. 2022 жылдан бері Президент әкімшілігі басшысы лауазымын атқарған Мұрат Нұртілеу министр болды. Нұртілеу сыртқы істер министрі ғана емес, премьер-министрдің орынбасары қызметін атқарады.
Осылайша Үкіметтің жаңа құрамы бекітілді:
Әлихан Смайылов – премьер-министр;
Роман Скляр – премьер-министрд...
Жаңалықтар
Еуропа комиссиясының басшысы Урсула фон дер Ляйен Қытайға сапармен барады. Бұл туралы Қытай Халық Республикасы Сыртқы істер министрлігінің ресми сайтында ақпарат берілген.
Қытай Сыртқы істер министрі Мао Ниң сапар туралы ақпарат берген:
«Қытай мен Еуро Одақ арасындағы келісімге сәйкес,Еуропа комиссиясының басшысы Урсула фон дер Ляйен сәуірдің 5-і мен 7-і аралығында Қытайға сапарлайды», деген Мао Ниң.
Фото: shutterstock.com
Наурыз айында жеткізілім тізбегіндегі проблемаларға қарамастан, іскерлік белсенділік жақсарған. Барлық сектордағы кәсіпорындар жаңа тапсырыстар мен тауарлы-материалдық қорлардың көлемі артқан.
ҚР ҰБ Ақша-кредит саясаты департаментінің директоры Рүстем Оразалиннің айтуынша, әскерлік белсенділіктің жақсаруы кен өндіру өнеркәсібінен басқа секторларда байқалды.
«Мұнда индекс 48,6-ға дейін (ақпандағы 46,7-ден) біршама өскеніне қарамастан, ұзақ жеткізу мерзімдеріне, жұмыспен қамту деңгейінің және жаңа өнім көлемінің төмендеуіне байланысты теріс жақта қалып отыр. Қалған секторларда жеткізілім мерзімінен басқа индекстің барлық компоненті бойынша оң өзгеріс болды. Өндірісте көрсеткіш айтарлықтай өскен. Мұнда индекс теріс аймақтан оң аймаққа өтіп, 53,1 болды (ақпанда – 49,8). Құрылыс...
Фото: www.shutterstock.com
Қаржы министрлігі Ұлттық қорда жинақталған қаражат көлемі, қорға түскен түсім мен алынған ақша жайлы есебін жариялады.
Есепті кезеңнің басындағы жағдайы бойынша, Ұлттық қорда 29,1 триллион теңгеден астам (29 176 508 444 000) қаражат болған. Ал 1 сәуірде 29,3 триллион теңгеге (29 391 788 468 000) жеткен. Осы уақыт аралығында қорға 1,1 триллион теңгеден астам кіріс түскен. Соның ішінде:
мұнай секторындағы ұйымдардан тікелей ұлттық қорға аударылатын салық- 1 трлн теңге мұнай секторы ұйымдары жүзеге асыратын операциялардан – 800 млн теңге республикалық меншікті жекешелендіруден – 218,9 млн теңге ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін сатудан...
Moderna Inc биотехнологиялық компаниясы респираторлық синцитиальды вирусқа (РСВ) қарсы вакцинаны әзірлеуді аяқтайды.
Moderna RSV вакцинасын жасаған жалғыз компания емес. Атап айтқанда, GSK және Pfizer мұндай вакцина әзірлеп, мақұлдаудан өтті және алдағы айларда пайдалануға рұқсат ала алады. Сонымен қатар, тағы бір әзірлеуші — Johnson & Johnson (NYSE: JNJ) керісінше, кірістілік тұрғысынан әлеуеті мол препараттарға назар аудару туралы шешім қабылдап, РСВ вакцинасын одан әрі зерттеуден бас тартты. Осылайша, Moderna RSV вакцинасын ұсына алатын үшінші компания болып отыр.
Барлық аталған компаниялар ең алдымен егде жастағы адамдарға арналған вакцинаны бекітуге ұмтылып отыр. Өйткені, АҚШ-тың Ауруларды бақылау және алдын алу орталықтарының мәліметтері бойынша, жыл...
«Самұрық-Қазына» АҚ экс-басшысы Алмасадам Сәтқалиеев Энергетика министрі болып тағайындалды. Ал, Болат Оралұлы Ақшолақов Мемлекет басшысының өкімімен Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды Ақорда.
«Алмасадам Майданұлы Сәтқалиев Қазақстан Республикасының Энергетика министрі лауазымына тағайындалсын», делінген Президент жарлығында.
Бұған дейін Мемлекет басшысы бірнеше министрді өз орнында қалдырған болатын.
Кеше Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен Сыртқы істер министрлігі, Қорғаныс министрлігі, Ішкі істер министрлігінің жаңа басшылары тағайындалған еді.
30 наурызда Әлихан Смайылов қайтадан Үкімет басшысы болып тағайындалған.
19 наурызда өткен Парламент мәжілісі мен әр деңгейдегі мәслихаттар сайлауынан кейін, еліміздің бұрынғы үкіметі өкілеттігін тоқтатқан болатын.
Пара алу дерегімен көп ұсталатын министрліктер қатарында Ішкі істер министрлігі алда тұр екен. Одан кейінгі орында Қаржы министрлігі тұр. Бұл жайлы Оталық коммуникациялар қызметінде өткен жиында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Превенция қызметінің басшысы Саян Ахметжанов мәлімдеді.
Мәселен, 2022 жылы Ішік істер министрлігіне қатысты 146 іс қаралса, Қаржы министрлігіне қатысты 44, Ауыл шарушылығы министрлігіне қатысты 13 қылмыстық іс атқарылған.
Сонымен бірге агенттіктің «Бизнеске жол» жобасын қолға алғанына біраз болған. Бұл жобаға сәйкес агенттік кәсіпкерлерлік саласындағы жемқорлық фактілерін анықтап, бизнестің дамуына кедергі болатын мәселелерді шешумен айналысады.
Жоба «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен...
Фото: Сыртқы істер министрлігі сайты
Германияда ресми сапармен жүрген ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенко Deutsche Welle басылымына ауқымды сұқбат берді. Мемлекеттік тұлға өз сұқбатында бізде ашып айтыла бермейтін тақырыптарға да тоқталады. Сондықтан «Курсив» бұл сұқбатты сол күйінде аударып беруді жөн көріп отыр.
DW: Қазір Берлинде жүрсіз. Қазақстан мен Германия арасындағы энергетикалық ынтымақтастықты қаншалықты жиі талқылайсыздар?
Р.В: Жеткілікті деңгейде, жиі талқылаймыз. Қазақстан Норвегия мен Ұлыбританиядан кейін Германияға мұнай жеткізуші үшінші ел. Бұл – неміс статистикасы. Қазақстан мен ГФР арасында энергетика туралы диалог дәстүрлі ғана емес, сонымен қатар энергия ресурстарының жаңа көздерін де қамтиды. Бұл арада Swewind неміс-швед консорциумымен...
Фото: shutterstock.com
Қазақстан үкіметі қайта жасақталып жатыр. Дегенмен, көптеген министр өз креслосын сақтап қалған. Бүгін Президент ҰЭМ, Мәдениет және спорт, Әділет және Еңбекминінің басшыларын тағайындады.
2022 жылғы 11 қаңтардан Ұлттық экономика министрлігін басқарып келе жатқан Әлібек Қуантыров өз қызметінде қалды.
«Әлібек Сакенұлы Қуантыров Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі лауазымына тағайындалсын», делінген мемлекет басшысының жарлығында.
Ең жас министрлердің бірі және қызметке келгеніне көп бола қоймаған Асхат Оралов та өз орнында қалды. Мемлекет басшысының жарлығымен Асхат Раздықұлы Мәдениет және спорт министрі лауазымына қайта тағайындалды.
Биыл қаңтарда ғана Әділет министрі атанған Азамат...
Дүйсенбі күні Dow Jones индексі 1%-ға, S&P 500 индексі 0,4%-ға көтерілсе, ал Nasdaq Composite ОПЕК+ мұнай өндіруді қысқартатыны жайлы тосын шешім шығарған соң, 0,3%-ға төмендеді. Өйткені инвесторлар одан әрі инфляцияны бақылауда ұстау үшін ФРЖ ақша-несие саясатын қатайтуы мүмкін деп алаңдаулы. KASE-нің қор нарығына кезекті шолуында кешегі сауда-саттық нәтижесі жазылған.
Ақша нарығы өкілдері қазір ФРЖ мөлшерлемені тағы да 25 базистік пунктке көтеру ықтималдығы 65% дейді.
Кеше Exxon Mobil (5,9%), Chevron (4,1%) және Marathon Oil (9,9%) қоса алғанда, энергетика саласындағы компаниялардың акциялары өсті. АҚШ-тың 10 жылдық қазынашылық облигациялары кірістілігі бұрынғы табыстарын өзгертіп, 3,42%-ға дейін төмендеді. ISM PMI деректеріне сәйкес...
Премьер-министрдің орынбасары – сауда және интеграция министрі Серік Жұманғарин азық-түлік қымбаттауы мүмкін екенін айтты.
«Баға өсімі тауарларға қалай әсер ететіне тоқталайын. Жеңіл тауар болса аса қымбаттамайды, ірі өнімдерге баға тиісінше өсуі мүмкін. Жанар-жағармай бағасы өскен жағдайда, мысалы қантқа әсері – 5%, ал күнбағыс майының бағасы 2,4%-ға өседі деген болжам бар. Шамамен 15-17 теңгеге қымбаттауы мүмкін. Қазір тауар өндіруші ірі кәсіпорындар бензин, дизельмен жұмыс істемейді. Олар газға көшкен, ал газдың бағасы әзірше өспейді», – деді Серік Жұманғарин Үкімет отырысынан кейін.
Биыл күзгі егіс жұмыстарына 413 мың тонна дизель отыны бөлінді. Ол арзандатылған баға бойынша литр...
Фото: shutterstock.com
Shell компаниясының «Сахалин-2» жобасындағы 27,5% үлесі 94,8 млрд рубльге бағаланды
Ресей билігі Shell компаниясына «Сахалин-2» жобасындағы үлесі үшін 95 млрд рубль төлеуге рұқсат берді. Бұл жайлы Коммерсант хабарлады.
Shell компаниясының «Сахалин-2» жобасындағы 27,5% үлесі 94,8 млрд рубльге бағаланып, оның акциялары НОВАТЭК компаниясына өтуі мүмкін. Басылымның хабарлауынша, сатып алушы компания Владимир Путиннің келісімін алған. Сонымен қатар бұл ірі соманың Shell компаниясының шотына аударылуына және Ресейден шығарылуына рұқсат берілген.
Бұған дейін Украинадағы соғысқа байланысты Ресей нарығынан кеткен Shell компаниясының жұмысын тексеру үшін ел билігі «Сахалин-2» жобасына аудит жүргізіп, егер шығын келтірген болса, төлем көлемінен шығын есесін ұстап қалуды жоспарлаған...
Премьер-министр Әлихан Смайылов елімізде жанар-жағармайдың қымбаттауы инфляцияға тікелей әсер ететінін айтты.
«Жанар-жағармай бағасының өсуі инфляциялық процестерге белгілі бір деңгейде әсер етеді. Оның тікелей ықпалын ескерсек, жан басына шаққанда орташа есеппен тұтыну себетіндегі дизель отынының үлесі – 0,4%, АИ-92 бензині шамамен 2%. Инфляцияның жалпы деңгейіне шамамен 0,35% әсер етеді. Бұл тікелей әсер етенінін көрсетеді», – деді Смайылов Үкімет отырысынан кейін.
Мемлекет басшысы бізге жыл соңына қарай инфляция деңгейін 2 есе төмендету міндетін қойды.
«Сондықтан Үкімет инфляциялық процестерді тежеу бойынша жүйелі және жедел шаралар қабылдап жатыр. Наурыздың қорытындысы бойынша біз инфляция қарқынының айтарлықтай...
Автокөлікке арналған сұйытылған мұнай газын бөлшек саудада өткізуге уақытша мемлекеттік баға реттеуді енгізу туралы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі Төрағасының 2022 жылғы 5 шілдедегі № 16 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы Қаулысы ашық талқыға шығарылды.
Оған сәйкес, Шығыс Қазақстан облысында, Абай облысында, Алматы облысында, Солтүстік Қазақстан облысында және Алматы қаласында СМГ-ны бөлшек саудада сату бағасын өзгерту ұсынылады. Әр өңірдегі бұрынғы бағасына 5 теңгеден қосылады. Бұл ретте, Қазақстанның қалған өңірлерінде СМГ-ны бөлшек саудада өткізуге шекті бағаларды өзгерту жоспарланбайды.
«Сонымен қатар, Қазақстандық отын қауымдастығының және нарық субъектілерінің көлік қызметтеріне шығындардың ұлғаюына, СМГ-ны бірқатар облыстарда өткізу кезінде шекті бағаларды көтеру қажеттілігі туралы (5-тен...
Фото: kursiv.media
2023-2024 жылдары Қазақстан экономикасы өнеркәсіп, қызмет көрсету саласы мен ішкі сұраныстың қалпына келуінің арқасында жеделдейді. Азия даму банкінің (АДБ) жаңа баяндамасындағы болжам осындай.
АДБ жетекші экономикалық басылымы ірі мұнай кен орындарында мұнай өндіру көлемі артқан сайын, былтыр 3,2% болған Қазақстанның жалпы ішкі өнімі (ЖІӨ) 2023 жылы 3,7%-ға дейін, ал 2024 жылы 4,1%-ға дейін өседі деп болжап отыр. Негізгі экспорт шикізат тауарлары бағасының қымбаттауы, инвестицияларға жағдай жасап, іскерлік белсенділікті сақтайтын болады. Алайда Ресейге салынып жатқан санкциялар салдары бұл болжамға ең үлкен қатер төндіріп отыр.
Сарапшылар 2023 жылы 3,4% болған қызмет саласының өсімі 2024 жылы 3,9%-ға жетед...
Үкімет басшысы Әлихан Смайылов бензин мен дизель отыны бағасының қымбаттауына қатысты пікір білдірді.
«Кеше энергетика министрлігі дизель отыны мен бензиннің бағаларын көтеру бойынша тиісті шешім жобасын жариялады. Бұл оңай шешім емес. Бұл шешімді қабылдауға мәжбүр болып отырмыз. Қазір мұнай өнімдерінің бағаларын қайта қарамасақ, онда жақын арада біз мұнай өнімдерінің тапшылығына тап боламыз», – деді Смайылов Үкімет отырысынан кейін.
Айтуынша, елімізде дизель мен бензинді тұтыну деңгейі өте жоғары.
«Баға айырмашылығын қазір төмендетпесек, дизель отыны бойынша биыл 850 мың тонна тапшылыққа ұрынамыз. Біздің арзан отынымыз өзіміздің ұлттық мүдделерімізге емес, көрші елдердің экономикасына жұмыс...
Елімізде энергия тиімділігі мен тауарлық газды ұтымды тұтыну жоспары әзірленеді. Бұл туралы Үкімет отырысында Энергетика министрінің м.а. Болат Ақшолақов мәлімдеді.
Айтуынша, жұмыстар 2023 жылдың бірінші жартыжылдығының соңына дейін жүргізіледі.
«Индустрия және инфрақұрылымдық даму және Ұлттық экономика министрліктерімен бірлесіп энергия тиімділігі мен тауарлық газды ұтымды тұтыну жоспары әзірленеді. Сондай-ақ Ұлттық экономика министрлігімен бірлесіп атаулы әлеуметтік көмек алатын халықты қоспағанда, тұрмыстық тұтынушылар үшін ұқыпты тұтынуды ынталандыратын газға сараланған тарифтер тетігі енгізіледі», – деді Ақшолақов.
Сондай-ақ ол электр энергетикасы нарығын дамытуға тоқталды.
«1 шілдеден бастап электр энергиясын бірыңғай сатып алушы және электр энергиясын теңгерімдеуші нары...
Фото: www.shutterstock.com
Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі төрағасының орынбасары Олжас Қизатовтың айтуынша, клиенттер салымдарының 21,5%-ға ұлғаюы есебінен былты банк секторының активтері 18,4%-ға өсім көрсетті. Оның пікірінше, макроэкономикалық жағдайларда агенттіктің міндеті банк секторының тұрақтылығын қамтамасыз ету, салымшылардың мүдделерін қорғау және қазақстандық банктерге қайталама санкциялар салу тәуекелдерін барынша азайту болды.
Банктердің несие портфелі бір жылда 20%-ға өскен.
«Несие портфеліндегі проблемалық қарыздардың үлесі төмен болып қалуда. Жалпы, жүйе бойынша негізгі капиталдың жеткіліктілік коэффициенті 18,5%-ды құрайды. Тәуекелдердің шиеленісуіне қарамастан, Қазақстанның банк секторы 2022 жылы орнықтылығын көрсеткенін де атап өткен жөн», деді агенттік төрағасының орынбасары.
Сонымен қатар Қазақстанның банк...
Фото: Үкіметтің ресми телеграм арнасы
Биыл 2 миллионнан аса отбасыға әлеуметтік төлем төленеді. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің м.а. Тамара Дүйсенова мәлімдеді.
Дүйсенованың айтуынша, министрлік президенттің тапсырмаларын орындау үшін жан-жақты жұмыс жүргізіп жатыр. Мысалы, биыл әлеуметтік төлемдер 2 миллионнан аса отбасыға беріледі. Оған 1,2 трлн теңге жұмсалады.
«Бала күтімі бойынша жәрдемақы алушылардың жалпы саны 435 мың адамнан асты. Оның ішінде 93 мың жұмыс істемейтін анаға жәрдемақы республикалық бюджеттен, ал 343 мыңнан аса жұмыс істеген аналарға – Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленіп жатыр», – деді Дүйсенова.
Мұндай төлемді биыл дүниеге келген және былтыр...
Фото:
Индустрияландыру, өндірісті оқшаулау және инфрақұрылымды жаңғырту бойынша елімізде 147 мыңға жуық жұмыс орны құрылады. Бұл туралы үкімет отырысында Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. Марат Қарабаев мәлімдеді.
Оның айтуынша, 2029 жылға дейін 147 мыңға жуық жұмыс орнын құрылады. Жалпы сомасы 33 трлн теңгеден асатын 800-ден аса инвестициялық жоба пайдалануға беріледі.
«Осы жобаларды іске асыру шамамен 9 трлн теңге сомасына өндіріс көлемін қамтамасыз етеді. Импортты алмастыру – 5 трлн теңге, экспорт 4,2 трлн теңге деңгейінде болжанады», – деді Қарабаев.
Марат Қарабаевтың сөзінше, іске асырылып жатқан жобаларды қажетті инфрақұрылыммен қамтамасыз ету үшін биыл шағын өнеркәсіптік...
Экономика министрлігі ірі кәспорындарға саралаған газ тарифін енгізуді ұсынып отыр. Министрдің міндетін атқарушы Әлібек Қуантыровтың айтуынша, бұл газ тапшылығын азайтуға ықпал етпек.
Бұған дейін Президент тауарлық газдың энергия тиімділігін арттыру және ұтымды тұтынылуы үшін тиісті жоспар қабылдауды тапсырған. Осы тапсырманы орындау үшін министрлік:
Ірі коммерциялық кәсіпорындар сараланған тарифтерді енгізу Халық үшін көтерме бағалардың өңірлік айырмашылығын қысқарту және тұтыну көлемі бойынша сараланған тарифтерді енгізуді ұсынып отыр.«Бұл газды үнемді пайдалану әдетін қалыптастыруға, ішкі тұтыну көлемінің тапшылығын азайтуға және газдың әлеуметтік-әділ құнын белгілеуге ықпал етеді», деді ол.
Сонымен қатар Қазіргі кезде еліміздегі 146 мы...
Ұлттық экономика министрлігі шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау, соның ішінде орта кәсіпкерлікті ынталандыру жөніндегі кешенді жоспар әзірлейді. Бұл турал үкімер отырысында ҰЭМ министрінің м.а. Әлібек Қуантыров мәлімдеді.
Оның негізгі бағыттары:
шағын және орта кәсіпкерлікті қаржылық, қаржылық емес түрде қолдау шараларын ұсыну; өңірлік бағдарламалар шеңберінде шағын және орта кәсіпкерлікті дамытуды ынталандыру, дамытудағы кедергілерді жою; мемлекеттік сатып алу рәсімдерін оңайлату; шағын және орта кәсіпкерлікті қаржыландыру көздерін кеңейту болып табылады.Қуантыровтың айтуынша, салық саясатының жаңа моделі жаңа Салық кодексі шеңберінде іске асырылатын болады. Сондай-ақ, салықтық әкімшілендіруді оңайлату және цифрландыру шаралары қабылданады.
«Салық жүктемесін әділ бөлуге бағытталған жұмыс...
Құрылыс кодексін әзірлеу мақсатында Жұмыс тобы құрылып, кезеңдік іс-шаралары бар Жол картасы бекітілді. Бұл туралы Үкімет отырысында Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі м.а. Марат Қарабаев мәлімдеді.
Парламент палаталарының бірлескен отырысында Мемлекет басшысы, саладағы саясатты жүйелейтін және түбегейлі жақсартатын қала құрылысы кодексі маңызды екенін айтқан болатын.
«Ірі салалық қауымдастықтардың (шамамен 10) және салалық институттардың («Мемлекеттік қала құрылысы кадастры», «Мемлекеттік сараптама» респ-қ мемлекеттік мекемелері, «Қазақ құрылыс және сәулет ғылыми-зерттеу және жобалау институты» АҚ, «Қазақстанның тұрғын ұй коммуналдық шаруашылық Орталығы» АҚ) өкілдерімен бірлесіп Кодекс жобасының бірінші жобасы әзірленді. Жобаны осы айда біз қоғамдық талқылауға шығаруды жоспарлап отырмыз...
Фото: shutterstock.com
Халықтың денсаулығы мен өмір сүру сапасын сипаттайтын негізгі көрсеткіштің бірі – өмір сүру ұзақтығы. Экономикалық зерттеулер институты өмір сапасы нашар, адами даму көрсеткіші төмен елдерде халықтың өмір сүру жасы да қысқа болады дейді.
Өмір сүру ұзақтығы тұқым қуалау пен өмір салтынан бастап, қоршаған орта мен медицинаға дейін – көптеген факторға байланысты. Жалпы, бірқатар сарапшылар халықтың өмір сүру ұзақтығы мемлекет дамуының көрсеткіші деп тұжырымдайды. Мұны БҰҰ Адам дамуының 2021-2022 жылдардағы индексі мәліметтері растайды.
2021 жылғы деректерге сәйкес, адам басына шаққандағы ішкі табыс нормасы орта есеппен 43 752 АҚШ долларын құрайтын, адами даму деңгейі өте жоғары елдердегі өмір...