фото: enesystem.ru
Сарапшылар жаһандағы энергетиканың дамуы пайдалы қазбаларға деген сұраныстың өсуіне ықпал ететінін болжады. Дүниежүзілік банк 2020 жылы энергияны жинақтау технологияларында қолданылатын қазбаларға деген сұраныстың шамамен 500%-ға өсетінін айтқан.
Экономикалық зерттеулер институты маманы Балтабай Сыздықовтың шамалауынша, жақын арада әлем бойынша маңызды пайдалы қазбаларға қол жеткізу жолындағы бәсекелестік артады. Мұндай қарқын нарықтағы ережелердің қатаңдануына және нормативтік күрделі саясатқа әкелуі мүмкін.
Еуропалық комиссия өкілдері де энергияға деген сұраныстың артуы бірқатар пайдалы қазбаларға деген қажеттілікті өсіретінін сараптады. Мысалы, 2040 жылға қарай тек литийге деген сұраныс 40 есе, графит, кобальт және никельге – 20 есе, мысқа – кем дегенде 2 есе артпақ.
Негізінен...