Биыл қаңтар-маусымда Қазақстан шекарасында 940 келіден аса есірткі тәркіленді. Бұл туралы ҰҚК Шекара қызметі шекаралық бақылау департаменті басшысының бірінші орынбасары, полковник Ғани Ағаділев хабарлады.
Оның айтуынша, ҰҚК есірткінің заңсыз айналымының жолын кесу үшін белсенді жұмыс істеп жатыр.
«Биыл Қазақстан шекарасында 940 келіден аса ауыр есірткі тәркіленді: героин, «каннабис шайыры», «Ауған шары» және тағы басқа. Мысалы, Түркістан, Жамбыл және Солтүстік Қазақстан облыстарының шекарасындағы өткізу пунктерінен аса ірі көлемде есірткі анықталды. Есірткі контрабандасының барлық фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды», – деді Ғани Ағаділев орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.
Басқарма басшысы былтырмен салыстырғанда есірткі тасымалдау дерегінің артқанын атап...