Биыл қаңтар-шілдеде министрліктер 78 млрд теңгені, облыстар 83 млрд теңгені игере алмаған. Бұл туралы Премьер-министрдің орынбасары – Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев мәлімдеді.
Үкімет отырысында министр премьер-министр Әлихан Смайыловқа 7 айдың қорытындысы бойынша мемлекеттік қаржының атқарылу көрсеткіші туралы есеп берді.
Жамаубаевтың айтуынша, мемлекеттік бюджетке 10,4 трлн теңгеден аса кіріс, республикалық бюджетке 6,8 трлн теңге кіріс түскен.
«Республикалық бюджет бойынша 12,8 трлн теңгеге шығыстар жүргізілді. Атқарылмау – 95 млрд теңге. Оның ішінде үнемдеу – 17 млрд теңге. Игерілмегені – 78 млрд теңге. Игерілмеудің неғұрлым ірі сомалары Экология және табиғи ресурстар, Мәдениет және спорт, Төтенше жағдайлар, Индустрия және инфрақұрылымды...