Ресейдегі ең ірі күміс өндіруші және әлемдегі алғашқы бестікке кіретін «Polymetal» компаниясы ресейлік активтерін сатуға ниетті, деп хабарлайды Moscowtimes басылымы.
Бұл жайлы инвесторлармен өткен конференцияда компания басшысы Виталий Несис айтқан.
Ресейдің Магадан мен Свердлов облыстарында, сондай-ақ Хабаровск өлкесінде, Якутия мен Чукоткада кәсіпорындары бар компания осы аптада Джерси аралынан Қазақстанға көшті. Қазақстанда «Polymetal» компаниясының екі кеніші бар.
Компания Қазақстанға көшкеннен кейін ресейлік бизнесті бөлуді жоспарлаған. Бірақ мамырда салынған АҚШ санкциялары бұл процесті қиындатып жіберген. Соған байланысты Polymetal Ресей Федерациясындағы активтерін сатқысы келеді.
«Біз әлі де АҚШ санкцияларына ұшыраған еншілес компаниялардан құтылуды көздеп...