Үкімет шарт талаптарын бұзған жер қойнауын пайдаланушылармен жасалған келісімшарттар мен лицензияларды қайта қарау бойынша жұмыс жүргізіп жатыр. Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметі хабарлады.
Ақпаратқа сәйкес, Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Роман Скляр қатты пайдалы қазбалар мен көмірсутек шикізаты кен орындарын мемлекет меншігіне қайтару мәселесі бойынша кеңес өткізді.
«Жүргізілген талдау нәтижелеріне сәйкес уәкілетті органдар 118 келісімшартты (2023 жылдың басынан бері – 19 келісімшарт) және қатты пайдалы қазбалар (ПҚҚ) бойынша 245 лицензияны (2023 жылдың басынан бері – 42 лицензия), сондай-ақ көмірсутек шикізаты бойынша 27 келісімшартты (2023 жылдың басынан бері – 15 лицензия) бұзды», делінген хабарламада.
Қаржылық міндеттемелерді бұзған жер қойнауын пайдаланушыларға...