Бренд концепциясын жасау компания үшін өте маңызды. Өйткені оның дамуы сол жоспарға тікелей байланысты. Барлық идея, құндылық пен мақсатты бір арнаға тоғыстырып, әдемі үйлесіп жасау қажет. Қазіргі кезде соның ішінде Brand as a servise немесе BaaS-тың орны ерекше. Kursiv Media тілшісі кейінгі кездері танымал болып келе жатқан концепцияға шолу жасады.
Бренд концепциясы неден тұрады?
Нарықты зерттеу керек. Алдымен қаншалықты сұраныс барын анықтап, бәсекелестерді зерттеп аласыз. Осылайша нарықтағы өзіңізге сәйкес келетін сегментті анықтайсыз. Таргет аудиторияға анализ жасау керек. Сіздің тұтынушыңыздың портреті қандай? Соны жасап аласыз. Ол үшін маркетиң зерттеулерді шолып шығып, тереңірек сауалнама жүргізу қажет. Визуал және вербал элементтерді сипаттау керек...