Фото: kursiv.media
Baker Tilly Qazaqstan Advisory компаиясы мен «Forbes Kazakhstan» журналы банктер рейтингісінің қорытындысын жариялады.
«2022 жылдың қорытындысы бойынша Kaspi Bank активтер мен меншікті капиталдың кірістілігінің жоғары көрсеткіштеріне сүйене отырып, қазақстандық банктердің рейтингінде көшбасшы орындарда қалды», – деп атап өтті рейтинг авторлары.
Бұл рейтинг «Тұрақтылық», «Тиімділік», «Кірістілік» және «Рейтингтік агенттіктерді бағалау» сияқты 12 көрсеткіш бойынша барлық қазақстандық банктер арасында жүргізілген. Нәтижесінде Kaspi жалпы ұпай саны бойынша абсолютті көшбасшы атанып, алғашқы орнын ешбір банкке бермеген.
«Kaspi.kz миссиясы – сүйікті тұтынушыларымыз бен серіктестеріміздің өмірін жақсартатын инновациялық өнімдер мен қызметтерді жасау. Бүгінде біз банктен де үлкен ұйымға...