Фото: kursiv.media
Еуразиялық экономикалық комиссия жыл сайын өнеркәсіптік интеграциялық жобаларға Еуразиялық экономикалық одақ бюджетінен 20 млн доллар бөліп отырады. Бұл жайлы ИНТЕРФАКС басылымы ЕЭК баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлады.
Минскіде ЕЭК Министрінің ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің бизнес өкілдерімен және өнеркәсіптік кәсіпорындарының басшыларымен жоспарланған жұмыс кездесулерінің бірінші сессиясы өтті. Сол жиында Одақтағы интеграциялық жобалар қалай қаржыландырылатыны айтылды.
«25 мамырда Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес отырысында мүше мемлекеттердің басшыларының келісімімен Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа енгізілген өзгерістер нәтижесінде Еуразиялық экономикалық комиссия одақ бюджетінен өнеркәсіп саласындағы көпжақты интеграциялық жобаларды қаржыландыру бойынша жаңа өкілеттікке ие болды», деді ЕЭК-тің Өнеркәсіп және...