ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин Маңғыстау облысына жұмыс сапары барысында Ақтау курорттық аймағының инженерлік және көлік инфрақұрылымын дамыту мәселелері жөнінде кеңес өткізіп, жаңа қонақ үй-туристік кешендердің құрылысын бастап берді. Бұл туралы primeminister.kz хабарлады.
Ақтау қаласының курорттық аймағының инженерлік-көлік инфрақұрылымын дамыту жөніндегі жұмыстар туралы Премьер-Министрдің орынбасары Р. Скляр, Маңғыстау облысының әкімі С.Трұмов, энергетика министрі Н. Ноғаев, индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Б. Қамалиев баяндады.
Ақтау қаласының курорттық аймағын дамытудың 2-ші кезеңі аясында әуежайдан келетін автомобиль жолын төрт жолаққа дейін кеңейту, газ құбырын, сондай-ақ сумен жабдықтау, су бұру және электрмен жабдықтау жүйелерін салу көзделген.
Үкімет басшысы Ақтау қаласының курорттық аймағының инженерлік және көлік инфрақұрылымын...