Сауда-саттық нәтижесі бойынша Dow Jones индексі 1,14%-ға, S&P 500 1,33%, ал Nasdaq Composite 1,99%-ға көтерілді. KASE мамандары инфляция мен жұмыспен қамтуға қатысты соңғы деректер инвесторлар күткенне де әлсіз шыққанын айтады.
Ал бұл өз кезегінде ФРЖ қатаңдату циклінің соңына жақындап қалды деген деген үмітті арттырды. S&P индексіндегі 11 сектордың 10-ы жоғары жабылды. Наурызда өндіруші бағасының индексі 0,5%-ға төмендесе, ал 8 сәуірде аяқталған аптадағы жұмыссыздық туралы өтініштер 2022 жылдың қаңтарынан бергі ең жоғары деңгейге жеткен. ФРЖ наурыздағы отырысының хаттамасына сәйкес, сарапшылар биыл рецессия болып, мамырда тағы да ставка көтерілуі мүмкін деп болжайды. Ірі технологиялық компаниялардың акциялары өсті: Amazon...