Фото: kursiv.media
Қай салада да жоғары жалақы – өнімді еңбектің кепілі болмақ. Біздің елде жалақыны төмен иә жоғары деп біржақты кесіп айтуға келмейді. Салалық ерекшеліктерге байланысты еңбекақы мөлшері де әр алуан. Қазақстан IMD әлемдік бәсекеге қабілеттілік және IMD таланттар рейтингінде 2-ші және 58-ші орын алған. Аталған рейтинг бойынша «қызмет көрсету саласындағы еңбекақы (АҚШ долларымен)» ескеріледі. Екі рейтинг бойынша да еңбекақы жылына 6 243,83 долларды құраған.
Біз бір рейтинг бойынша жоғары, ал екіншісі бойынша тым төмен позициядамыз. Бұған Экономикалық зерттеулер институты былай жауап береді.
«IMD әлемдік бәсекеге қабілеттілік рейтингі елдерді инвестициялық тартымдылық тұрғысынан бағалайды. Яғни, аталған ел инвесторлар...