Биыл үкіметтік қарызды өтеуге қосымша 83 млрд 707,5 млн бөлінеді. Қаржы министрлігі 2023 жылға Азаматтық бюджет бойынша нақтыланған жобаны жария етті.
2023 жылдың түзетілген бюджет жобасында үкіметтік қарыздарға қызмет көрсетуге әу баста 1 трлн 759 млрд 17,7 млн теңге қарастырылған болатын. Кейін бұл сома 83 млрд 707,5 млн теңгеге ұлғайтылған. Осылайша, биыл үкіметтік қарызды өтеуге бөлінетін сома 1 трлн 842 млрд 725,2 млн теңгені құрап отыр.
Қаржы министрлігі бұл құжатта үкіметтің қарызын өтеуге 2021 жылдан бері қанша бөлініп келе жатқанын да көрсеткен. Оған сәйкес, бюджеттің бұл шығыны ұдайы өсіп отырғанын және алдағы екі жылда да өсетінін байқауға...