Байден мен Орта Азия елдері басшылары арасындағы кездесудің зор саяси маңызы бар деп айту қиын

Саяси шешімдер орталығының директоры

 БҰҰ Бас ассамблеясының 78-ші сессиясы аясында АҚШ президенті Джо Байден Орта Азиядағы Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Түркіменстан мемлекеттерінің президенттерімен кездесу өткізетіні мәлім болды. Орта Азиядағы 5 мемлекет пен Ақ үй басшысы арасындағы жүздесуден қандай саяси астар іздеуге болады? Бұл кездесу бізге географиялық жағынан жақын орналасқан Ресей, Қытай  секілді державалардың көршілік, басқа да қарым-қатынасына қаншалықты әсер етеді? 

 Аталған  С5+1 форматында өтетін кездесуде АҚШ перезиденті Джо Байденнің қатысуы айтулы оқиға. Бұл біріншіде оның Президенттік деңгейіндегі алғашқы кездесуі болайын деп отыр.  Екіншіден бұл Біріккен ұлттар ұйымы Бас ассамлеясының аясында өткелі отыр. Дегенмен бұл кездесу – Орта Азия мен АҚШ бірден тығыз қарым-қатынасқа көшеді дегенді білдірмейді. Немес АҚШ Орта Азияны өзіне топ серіктестікке кіретін аймақ ретінде қарап отыр деген сөз емес.

Айта кету керек, бұл кездесудің тағы бір назар аударар тұсы, Ресей мен Украина арасындағы соғыс жүріп жатқан кезеңмен тұспа-тұс келіп отыр. Біз Ресейге керекті сырттан келетін қару жарақ Орта азиядағы Қазақстан, Қырғызстан арқылы өтетінін білеміз. Егер осы үшін санкция салыну мүмкін дегенге келер болсақ жоқ деп айтар едім.  Меніңше салынса тек сол қару-жарақ сатып отырған  жекелеген компанияларға ғана салынады. Тек осы елдерде тіркелген қару-жарақ экспортымен айналысатын компаниялардың өзіне ғана. Мемлекеттер мен саяси тұлғаларға санкция салу мәселесі көтеріле қоймайды.

Жалпы, Батыс әлемі Орталық Азия елдеріне саяси, экономикалық жағынан түрлі қысымдарды күшейтетін болса, бұл елдер одан сайын Кремльдің ықпал ету орбитасын кіріп кетеді деп ойлайды.

Екіншіден Байден осы кездесу барысында немесе одан кейін Орта Азия елдерінің тұтастығын мойындайды және құрметпен қарайды деп мәлімдейді. Мұны барлық медиалар жарыса жазатын болады. Яғни, «АҚШ бізді тең дәредеде мойындап жатыр. Осыған дейін Орта Азиядағы елдер ресми Мәскеудің немесе Бейжіңнің ықпалында отыр деген бос әңгіме, Біз барлығымен тең көпвекторлы саясат ұстанып отырмыз»,- деген сипаттағы жарияланымдар шығатын болады.

Үшіншіден осы кездесуден кейін Орта Азия елдерінің авторитарлы басшылары саяси элита мен Мемлекетке санкция салынбайтынына көз жеткізіп алған соң, елдеріне оралып, бұрынғыша Ресей, Қытаймен қарым-қатынасын жалғастыра беретін болады. Оны жоғарыда айтқанымдай саяси тілмен көпвекторлы саясат ұстанып отырмыз деп атайды.

Сондықтан бұл кездесудің АҚШ немесе біз үшін айтарлықтай саяси маңызы бар деп айту қиын. Тек екі елдің сыртқы саясатында бұрыннан қалыптасқан форматта жалғаса беретініне тағы бір мәрте көз жеткізіп алу үшін ғана өтеді деп ойлаймын. Сондықтан өз басым бұл кездесуден айтарлықтай өзгеріс күтпеймін.