ЦентрКредит банкі қазақстандық Альфа-банкті сатып алды

Жарияланды
Мәміле заңды аяқталғаннан кейін ЦентрКредит Банкі Банкке ребрендинг жүргізеді

«Альфа-Банк» АҚ мен «Банк ЦентрКредит» АҚ арасында «Альфа-Банк» ЕБ АҚ-ын сату туралы түбегейлі келісім жасалды. Бұл туралы Альфа банк Қазақстанның ресми сайтында жазылған.

 «ЦентрКредит Банкі жай акциялардың 100%-ын сатып алып, Альфа-Банк Қазақстанның жаңа акционері болады. «Альфа-Банк» АҚ акционерлер құрамынан толықтай шығып, өз өкілдерін Директорлар кеңесінен кері шақырып алатын болады. Мәміле заңды аяқталғаннан кейін ЦентрКредит Банкі Банкке ребрендинг жүргізеді» делінген хабарламада.

Осылайша, бұл жеке және заңды тұлғаларға арналған банктік қызметтердің толық спектрі бар толыққанды қазақстандық банкке айналады.

«ЦентрКредит Банкі депозиторлар алдындағы барлық міндеттемелерді орындау үшін банкті қосымша өтімділікпен қолдауға, сол арқылы қолданыстағы клиенттер үшін қалыптасқан жағдайды жедел шешуге дайын. «Банк ЦентрКредит» АҚ 1988 жылы құрылған және заманауи технологияларды пайдалана отырып, ыңғайлы банк өнімдеріне бағытталған әмбебап бизнес-моделі бар Қазақстанның ең алғашқы әрі ірі банктерінің бірі. Банктің филиалдық желісі кеңінен тараған және Қазақстанның бүкіл өңірінде 130-дан астам бөлімшелерде заңды және жеке тұлғаларға қызмет көрсетеді» делінген хабарламада.

Сондай-ақ оқыңыз