Банктердің меншікті капиталы 5,8 трлн теңгеге жетті

Жарияланды
Бір жылда 10 пайызға өскен

Елімізде банктердің тұрақты меншікті капиталы 5,8 трлн теңгеге жеткен, бұл былтырғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 10,1% артық. Соңғы бес жылда көрсеткіш біртіндеп өсіп келе жатқаны байқалады, деп жазады Ranking.kz.

Жалпы, еліміздегі банктер меншікті капитал түріндегі маңызды қауіпсіздік қорына ие. Мысалы, k1 меншікті капиталының жеткілікті коэффициенті 17,6%, ал k2 — 20,9% құраған. Бұл сандар заңмен белгіленген нормативтерден айтарлықтай асып түседі және сектордың ықтимал тәуекелдерін жаба алады.

Халықаралық рейтинг агенттіктері де меншікті капитал көлемі елдегі банк секторының тұрақтылығына оң әсер ететінін растайды. Атап айтқанда, Fitch Ratings Қазақстан банктерінде айтарлықтай капитал қоры және өтімділік бар екенін, сондай-ақ жоғары табыстылықтың арқасында сыртқы күйзелістерге төтеп бере алатынын атап өтеді.

Жекелеген банктерге келетін болсақ, пруденциалдық нормативтерді орындау капитал қорын да, қаржылық тұрақтылық деңгейін де анық көрсетеді.

ҚР-ның ең ірі банктері арасында Jusan Bank-тің меншікті капиталы жоғары. Негізгі капиталдың k1 жеткіліктілік коэффициенті 29,9%-ды құрайды, бұл Ұлттық банк белгілеген нормативтен 4 еседей жоғары. Бұл ретте меншікті капиталдың k1-2 коэффициенті 29,9% (нормативтік нормадан 3,5 есе 8,5% көп), меншікті капиталдың k2 коэффициенті 49,6% (10% нормадан 5 есе көп) құрады. Мұндай жоғары көрсеткіштер банктің салымшылар алдындағы міндеттемелерін орындау қабілетін және тұрақтылықтың жоғары деңгейін көрсетеді.

Келесі орында тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесі аясында жұмыс істейтін мемлекеттік Отбасы банкі тұр. Бұл қаржы институтының меншікті капиталының k1 жеткіліктілік коэффициенті — 29,5%, k1-2 — 29,5%, k2 — 29,5% құрады. Бұл көрсеткіштер де реттеушінің талаптарынан айтарлықтай асып түседі.

Үздік үштікті ForteBank түйіндейді: капиталдың k1 жеткіліктілік коэффициенті 19%, k1-2 — 19%, k2 — 19,7%.

Жалпы, капиталдың жеткілікті болуы банк сенімді екенінің маңызды көрсеткіші және қаржы институттының клиенттерге зиян келтірмей, өз қаражаты есебінен шығындарды өтей алатынын білдіреді.

Сондай-ақ оқыңыз