АҚШ ФРЖ-сі базалық мөлшерлемені көтереді деп кесіп айту қиын
Соңғы кезде сарапшылар АҚШ Федералды резерв жүйесі базалық мөлшерлдемені көтеруі мүмкін деген пікірді жиі айтып жүр. АҚШ-тың мұндай қадамға баруына қандай жағдайлар себеп болуы мүмкін?
Мұның біздің экономикаға ықпалы қаншалықты.
Тіпті әлемдік зконмиканың тынысын кірпік қақпай бақылап отырған сарапшылрадың өзі базалық мөлшерлеме көтерілуінің нәтижесі, валюта нарығына әсерімен қоса, басқа жағдайларды ескере отырып, АҚШ долларының қайтадан қымбаттауына әкеп соқтырады деген болжам жасап отыр. Олардың болжамынша жақын арада Ақ үй аталмыш көрсеткішті 5-5,5 пайызға дейін көтеруі мүмкін. Бұл өз кезегінде әлемдік нарықта мұнай бағасының төмендеуіне әсер етеді дейді.
Негізі жалпылама бүгінгі күнгі көрсеткіштерге қарап баға берер болсақ АҚШ-тағы еңбек нарығының көрсеткіштері жақсы деп айтуға болады. Ол елде бүгінгі таңда өзге елдермен салыстырғанда жұмыссыздық деңгейі де ең төменгі деп саналады. Сонымен қатар ол жақта инфляция да күн санап болмаса да біршама төмендеп келе жатыр.
Федералды резерв жүйесі базалық мөлшерлемені көтеруі мүмкін деген мәселеге келер болсақ; соңғы рет 4.65 пайызға дейін көтерді. Оның себебі елде инфляцияның тағы көтеріліп кетпеуінің алдын алған белгісі деп қабылдау керек. Ал тағы да біршама пайыздық көтеру туралы шешім наурыздың ортасында қайта қаралады. Қазіргі таңда нақты көтеріледі ешкім де тап басып айта алмайды. Яғни белгісіз. Әзірге тек жағдайға қарап жасалып отырған болжам ғана. Жалпы, мұндай шешімдерді қабылдар кезде елдегі экономикалық жағдай міндетті түрде ескеріледі. Сондықтан жоғарыда айтып кеткен жақсы көрсеткіштер бұл шешімнің қабылдануына белгілі бір дәрежеде әсер ететін болады.
Ал көтерген жағдайда біздің елге қандай әсері болуы мүмкін дегенге келсек, біздің ғана емес барлық дамып келе жатқан нарықтарда инвестиция салуға АҚШ құнды қағаздары пайдалы болып тұрғанын ескерген жөн. Бізге қатысты әсері сол ғана болуы мүмкін.
Ал, федералды базалық мөлшерлемені көтерген жағдайда мұнай бағасының төмендеуіне әкеп соқтыруы мүмкін деген болжам жасау негізсіз деп санаймын. Жалпы, әлемдік нарықта мұнай бағасының өсуі немесе төмендеуі қазіргі таңдағы сұраныс пен ұсынысқа байланысты болғанын ескеруіміз керек. Мәселен, бір апта бұрын мұнай бағасы төмендеді. Оған себеп болған жағдай, АҚШ өткен аптада стратегиялық мұнай қорынан біршама көлемде мұнай шығарып сатты. Сонымен қатар ол АҚШ-тағы коммерциялық мұнай қорының өскеніне де байланысты болды.