Жыл басында еліміздегі ЕДБ активтері азайды
Жарияланды
Жылдың алғашқы айында елдегі 21 банктің 13-інің активтері 1,2 пайызға қысқарған. Сарапшылардың бағалауынша, олардың арасында алдыңғы ондықтағы 6 банктегі жағдай да осындай.
Дегенмен, қаңтар айында активтерін арттырған банктер де жоқ емес. Бұл көрсеткіш бойынша үшінші орында Қытайдың сауда-өндірістік банкі. 36,8 млрд теңге қосқан бұл банктің активі 327,2 млр теңгеге жетті. Жыл ішінде шетелдік банктің актив өсімі 69,8 млрд теңге болды. Алайда, активтерінің көлемі жағынан ол ірі банк саналмайды.
Екінші орында ForteBank бір айда активін 60 млрд теңгеге көбейткен қаржы институтының жалпы қоры 3 трлн теңгеге жетті. Ал, жыл ішіндегі өсім 555,5 млрд теңгені құрады. Ол активтерінің көлемі жағынан алғашқы ондыққа кіреді.
Ал, бірінші орында Kaspi: бірден 103,3 млрд теңге қосқан, активтерінің көлемі 5,2 трлн теңгеге жетті. Жыл ішінде 1,7 трлн теңгеге өсім болған.
Естеріңізге саламыз, Қаржы нарығын реттеу және дамыту Агенттігі банк секторындағы активтер сапасын бағалаудың алғашқы нәтижелерін жария еткен болатын. Агенттік жағдайға оң баға берген болатын.