Банк ЦентрКредит нарықтан 200 млн доллар қарыз алмақ

Жарияланды
Business News бөлімінің редакторы

«Банк ЦентрКредит» АҚ нарықтан 200 млн доллар қарыз алмақ. Ол үшін қаржы ұйымы айналым мерзімі 12 айдан аспайтын облигацияларын шығарады. Бұл туралы банктің Қазақстан қор биржасына жолдаған хабарламасында жазылған.

Бұл шешім қаржы ұйымы директорлар кеңесінің 28 қарашадағы жиынында қабылданған.

«Банк ЦентрКредит» АҚ-ның айналым мерзімі 12 (он екі) айдан аспайтын облигацияларының 4 шығарылымы арқылы «Банк ЦентрКредит» АҚ-тың міндеттемелерін 200 000 000 (екі жүз миллион) АҚШ доллары сомасына ұлғайту бекітілсін», – делінген хабарламада.

Сонымен қатар банктің айналым мерзімі 12 айдан аспайтын облигациялары 4-шығарылымының талаптары бекітілмек.

Шығарылатын облигациялардың номиналды құны – 10 мың доллар. Банк басқа ақпарат бермеген.

Айта кетейік, осы айда банктің бағады қағаздарына деген сұраныс артып, 16 пайыз қосқан. Бір кұндегі өсім 4,8 пайыз болды.

ЦентрКредит банкі 2022 жылға жай акциялар бойынша дивиденд төлемеді.

Сондай-ақ оқыңыз