Ұлттық банк банктерді бірыңғай QR-код бойынша төлемге қосылуға міндеттеуі мүмкін
Ұлттық банк екінші деңгейлі банктерді бірыңғай QR-код бойынша төлемге қосылуға міндеттей алады. Бұл туралы базалық мөлшерлемені өзгерту туралы баспасөз мәслихатында Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов айтты.
«Банктер Ұлттық қаржы инфрақұрылымының артықшылықтарын көруі керек, оның негізінде олар бір-бірімен өзара әрекеттесу мүмкіндіктері бар. Ол ерікті түрде жасалады. Барлық банктер бірыңғай QR-код бойынша төлемге қосылады деп үміттенемін. Егер ерікті түрде қосылмаса, біз міндеттеу шарасын іске асыра алатынымызды жоққа шығармаймын», – деді Ұлттық банк төрағасы.
Сүлейменовтің сөзінше, 2022 жылы Ұлттық Банк жедел төлем жүйесін (ЖМК) енгізген. Оған банктер еріктітүрде қосылуы қажет болған. Алайда Kaspi мен Halyk-тың өзіндік QR-төлем инфрақұрылымы болғандықтан, ЖМК жұмыс істемей қалған.
Бұған қоса, баспасөз мәслихатында Сүлейменов қаңтар айында банк секторындағы бақылауды күшейткеннен кейін мобильді аударымдар шамамен 30% төмендеп кеткенін айтты.
Оның сөзінше, 2024 жылдың қаңтарынан бастап үш ай қатарынан айына 100-ден астам түрлі мобильді аударымдар түсетін тұлғалардың салығы тексеріледі. Сондай-ақ, үкіметте үш АЕК (255 мың теңге – ред.) деңгейінде кіріс төлемдерін енгізу туралы мәселе талқыланып жатқанын атап өтті.
Осыған дейін Қазақстандағы екінші деңгейлі банктер бірыңғай QR жүйесіне қашан өтетіні белгісіз екенін жазған едік. Сауда және интеграция министрі қазіргі кезде бұл жоба әлі талқыланып жатқанын айтқан.
«Менің білуімше, бұл жұмысты Ұлттық банк жүргізіп жатыр. Ол әлі талқыланып жатыр. Бұл жүйеге өтудің нақты талаптары мен көрсеткіштерін білу үшін уәкілетті органға хабарласу керек», –деді Шаққалиев.
2022 жылы Қазақстанда барлық банк үшін біркелкі QR коды енгізілетіні хабарланған. Сол арқылы қай банктің клиенті болса да, кез келген терминал арқылы QR арқылы төлем жасауға болады делінген.
QR-код арқылы төлемдерді қабылдауға арналған бірыңғай терминалдар жыл соңына дейін орнатылуға тиіс еді.