«Реал Мадрид» әлемнің ең қымбат клубы атанды

Жарияланды 17 Шілде 2024 19:38

(жаңартылды 24 Шілде 2024 13:56)
Рауан Мутаир

Рауан Мутаир

General News бөлімінің тілшісі rauan.mutairov01@gmail.com
«Реал Мадрид» әлемнің ең қымбат клубы атанды / shutterstock/ бильд-редактор Ахтам Зиперов

Мадридтік «Реал» әлемдегі ең қымбат футбол клубының атағын қайтарып алды деп хабарлайды BrandFinance.com.

Басылым ақпаратына сүйенсек, мадридтік «Реал» 2023 жылғы жеңімпаз «Манчестер Ситиді» басып озып, әлемдегі ең қымбат футбол клубының бренді атағын қайтарып алды. Клубтың бренд құны 16%-ға өсіп, 1,7 млрд еуроға дейін жеткен мадридтік «Реалдың» өз тұғырына қайта оралуына табысының рекордтық өсуі негіз болды. Бұл аналаңда да, одан тыс жерлерде де жұмыс атқарылып жатқандығын көрсетеді.

Бұл ерекше көрсеткіш, тіпті Google, Coca-Cola, Ferrari және Rolex сияқты брендтерінен де қымбатқа бағаланып отыр. Мадридтік ұжымның әлем бойынша жанкүйерлері, стадионға келушілер саны, атрибуттардың сатылуы, демеушілікке инвестициялар деген сияқты көрсеткіштерімен де ерекшеленеді.

BrandFinance Спорт қызметтінің басшысы Уго Хенсли клубтың коммерциялық жұмысына баға берді, «Мадридтік “Реалдың» рейтингтің жоғарғы сатысына оралуы заңды нәрсе. Бұл клуб, шынымен де, футбол әлемінде ең беделді ұжым. Ойындағы ерекше жетістіктерінен бөлек, клубтың коммерциялық қызметі үнемі үлкен табыс әкеледі және оның әлемдік брендте беделін арттырады. Осылайша, Мадридтік «Реал» әлемдегі ең мықты футбол бренді ретіндегі орнын нығайтты. Әлемнің түкпір-түкпіріндегі жанкүйерлер, тарихқа бай мұрасы, демеушілері мен бүгінгі күнде жұлдызды құрамасын қоса алғанда, әлем бойынша ең жоғары нәтижелерге қол жеткізуге осылардың барлығы өз септігін тигізіп жатыр», – деді.

Айта кетейік, Еуро-2024 додасынан кейін Мадридтік «Реал» сапын Француз ойыншысы Киллиан Мбаппе толықтырды. 16 шілде күні ойыншыны таныстыру рәсімінде Сантьяго Бернабеу стадионына 80.000 ға жуық жанкүйер жиналды. Сондай-ақ алғашқы күні Мбаппенің жейдесін 7000-ға жуық адам сатып алып. 800 мың еуро табыс әкелді.

Сондай-ақ оқыңыз