Freedom Holding корпорациясының тоқсандық түсімі жарты млрд долларды құрады
Freedom Holding Corp. компаниясы 2025 қаржы жылының І тоқсанында 450,7 млн АҚШ долларына тең жуық түсім алған. Холдингтің осы тоқсандағы таза пайдасы 34,3 млн АҚШ долларына тең. Бұл туралы компания есебінде жазылған.
2025 қаржы жылының І тоқсанында (холдинг үшін 2025 фискалдық жылғы I тоқсан 2024 жылғы 30 маусымда аяқталды) Freedom Holding Corp. компаниясының түсімі 450,7 млн АҚШ долларын құрады. Компания түсімі 43 пайызға немесе 134,5 млн АҚШ долларына өскен.
Компания түсімнің артуын бірнеше себеппен байланыстырады. Біріншіден, сақтандыру андеррайтингінен келіп түсетін кіріс 44,9 млн доллардан 129,4 млн долларға жеткен. Бұл кірістің бір тоқсанда негізінен алған сақтандыру сыйлықақыларының көлемі есебінен 188 пайыз өскен.Оған сақтандыру операцияларының кеңеюіне және қолданыстағы сақтандыру шарттары қатарының көбеюі себеп.
Пайыздық кірістің 76,7 млн АҚШ долларына өсуі – сауда портфелі және ондағы облигациялар үлесінің кеңеюімен байланысты. Сонымен қатар клиенттерге берілген банктік кредит, маржалық қарыз, кері РЕПО шарттары және банктердегі қаражат, сондай-ақ сату үшін қолда бар бағалы қағаздар бойынша пайыздық кіріс өскен.
Комиссиялық кіріс 16,8 млн АҚШ долларына (17%-дан астам) артқан. Оған брокерлік қызметті пайдаланатын жеке клиенттердің қатары көбеюі себеп. Сонымен қатар басқада комиссиялық кірістер де өсті. Холдингтің еншілес компаниясы – туристік билеттер онлайн – агрегаторы алған агенттік алымдар мөлшері артқан.
2025 қаржы жылының І тоқсанында түсіммен қатар, холдингтің шығысы да 77 %-ға артқан. Осы кезеңдегі компания шығысы 177,5 млн долларға өсті. Шығыстң артуына да бірнеше салмақты себеп бар. Біріншіден комиссиялық шығыс артқан. Оған негізінен өмірді сақтандыру бизнесі шеңберінде агенттік сыйақы шығыстарының ұлғаюы (51,5 млн доллар) себеп.
«Инвестициялық портфель көлемінің кеңеюіне байланысты РЕПО арқылы қысқамерзімді қаржыландыру бойынша шығыстардың өсуіне байланысты пайыздық шығыстар 50,7 млн АҚШ долларына (53%-дан астам) ұлғайды. Сондай-ақ көрсеткіштің өсуі «Фридом Банк Қазақстан» АҚ-ның клиенттер қоры кеңейгендіктен, депозиттер бойынша пайыздардың ұлғаюына байланысты болып отыр», – дейді Freedom Holding
Холдингке кіретін компаниялардағы қызметкерлер санының өсуіне байланысты есепті кезеңде жалақы мен сыйлықақы 25,9 млн АҚШ долларына (82%-дан астам) жеткен. Қайта сақтандыруды шегергенде келтірілген сақтандыру өтемақыларының көлемі 25,8 млн АҚШ долларына (120%-дан астам) артты. Бұл өсім, ең алдымен, екі тоқсан арасындағы сақтандыру операцияларының кеңеюіне байланысты болды деп түсіндіреді.
Freedom Holding Corp. компаниясы 2025 қаржы жылының І тоқсанында 34,3 млн АҚШ долларына тең таза пайда тапқан.
«Холдингтің 59,3 млн дананы құрайтын акцияларының базалық орташа алынған санына сәйкес есептелген акциясының табысы 0,58 АҚШ долларын құрады. Холдингтің 60,3 млн дананы құрайтын акциялардың төмендетілген орташа алынған санына сәйкес есептелген акциясының табысы 0,57 АҚШ долларды құрады», – делінген хабарламада.
Холдингтің активтері 8,302 млрд АҚШ долларынан 8,485 млрд АҚШ долларына дейін (2%) өсті. Міндеттемелер 7,315 млрд АҚШ долларынан 7,333 млрд АҚШ долларына дейін (3%-дан астам) жетті.
Бұған дейін Freedom Holding Corp. AIX-те қарапайым акцияларын орналастыратынын хабарлаған.