Халықаралық валюта қоры Қазақстанға қосылған құн салығы мөлшерлемесін арттырып, Ұлттық қордан қаражат алуды тоқтауды ұсынды
Қазақстан экономикасына құрылымдық реформалар қажет. Халықаралық валюта қоры миссиясының басшысы Николя Бланше Астанға кезекті сапары барысында осылай деп мәлімдеді.
Бюджет саясатының тиімділігін арттыру, салық заңнамасын жетілдіру, инвестициялық тартымдылықты күшейту және кәсіпкерлікті дамыту. Халықаралық валюта қоры миссиясының басшысы бірқатар ұсыныстарын айтты.
«Қосылған құн салығын арттырып, Ұлттық қордан ақша алуды шектеу керек. Сонымен қатар банктерді мемлекет ақшасы есебінен қаржыландыруды тоқтатып, Ұлттық банктің тәуелсіздігін нығайту маңызды», – деді Николя Бланше.
ХВҚ миссиясының басшысы Қазақстанның 2024 жылғы экономикалық өсу болжамын 3,9%-ға дейін көтерді. Бұрынғы болжам бойынша көрсеткіш 3,5% болатын. Ал Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың үкіметке берген тапсырмасы бойынша жыл сайы ЖІӨ 6% өсуі керек. Бұл ретте Николя Бланше тұрақты 6% өсімге қол жеткізу үшін экономикадағы құрылымдық реформаларды жалғастыру қажет деп есептейді.
Еске сала кетсек, үкімет 2023 жылы қосылған құн салығын 16%-ға дейін көтеруді жоспарлаған. Алайда 2024 жылдың басында Үкімет басшысы Олжас Бектенов қосылған құн салығын (ҚҚС) көтермеу туралы шешім қабылдады. Ол бюджет кірісін толықтырудың басқа жолын іздеу керек деп есептейді.
2024 жылғы 23-31 мамыр аралығында Қазақстан Халықаралық валюта қорының миссиясын қабылдаған. Сол тұста да ХВҚ өкілдері Қазақстанға қосылған құн салығы мөлшерлемесін арттыруды ұсынған.