Bank of China Қазақстан банктері арқылы Ресейге жасалған төлемдерді жиі бұғаттай бастады

Жарияланды
General News бөлімінің редакторы
Bank of China
Bank of China Ресейге жасалған төлемдерді жиі бұғаттай бастады / Фото: Bank of China

Қытайлық Bank of China корреспондент-банк ретінде Ресейге қолайлы елдерден юань төлемдерін жиі бұғаттай бастады. РБК басылымына пікір білдірген сарапшының айтуынша, ҚХР банктері қайталама санкциялардан қорқып, комплаенсті күшейтуде.

Әлемде активтері бойынша төртінші орынға жайғасқан қытайлық банк Ресейге жасалған юань төлемдерін жиі бұғаттай бастаған. Қытаймен сауда жасауға маманданған бизнес өкілдері, заңгерлер мен кеңесшілер аспан асты елінің қайтала санкциялардан үркіп отырғанын айтады.

Ресей экспорттаушылар мен импорттаушылар қауымдастығының құқықтық комитеті төрағасының орынбасары Владислав Донченконың айтуынша, жақында ғана БАӘ компаниясы қазақстандық «ЦентрКредит банкіндегі» шотынан юаньмен төлем Сhouzhou банкіне жасай алмаған. Аударымды Сhouzhou банк үшін корреспондент банк болып отырған Bank of China бұғаттаған. 

«Сонымен бірге, компанияның директоры да, құрылтайшысы да Ресеймен ресми байланыста болған жоқ», — деді Донченко. 

Оның айтуынша, қытайлық банк енді оған Қазақстаннан тікелей корреспонденттік қарым-қатынасы бар банктерден ғана төлем жасауды сұраған.

«Синорус» бухгалтерлік компаниясы бас директоры Сурана Раднаевның сөзінше, Сhouzhou банкі бірнеше ай бойы қазақстандық банктерден Ресейге юаньмен төлем жасау мүмкіндігін бұғаттаған.

«Қытай банктерінен төлемнің бұғатталуына таң қалудың қажет жоқ. Себебі қытайлықтар АҚШ санкцияларын америкалықтардан қатаң ұстанады», – дейді ол.

Оның айтуынша, Қытай банктерінде сәйкестікті бақылау мен тәуекелдерді басқаруды қамтамасыз ететін тұтас құрылымдар тез қалыптасып, бұл жеке және заңды тұлғаларды тексеру мүмкіндіктерін ұлғайтқан.

Осы жылдың ақпан айында Сhouzhou Банкі тұтынушыларға SWIFT, ресейлік SPFS және қытайлық CIPS жүйесі арқылы Ресеймен және Беларусьпен операцияларды тоқтату туралы хабарлаған еді.

Айта кетейік, ресейлік бизнес Қазақстан банктерінен де жасалатын төлемдердің мерзімі ұлғайғанын айтып, алаңдаушылық білдірген.

Сондай-ақ оқыңыз