Қазақстан бюджетіне салық 30% кем түскен

Жарияланды
Business News бөлімінің редакторы
Коллаж: kursiv.media, бильд-редактор Ахтам Зиперов

Жыл басынан бері Қазақстан бюджетіне салық жоспардан 28% кем түскен. Үкімет биыл 10 айда 12,4 теңге салық жинауды жоспарлағанымен, 9 трлн теңге салық түсті. Бұл Қаржы министрлігінің республикалық бюджеттің 10 айдағы атқарылуы жайлы есебінде жазылған. Есепті кезеңде жоспар бойынша жалпы бюджет кірісі 16,6 трлн теңгені құрауы тиіс еді, нақты кіріс 15,1 трлн теңге болған.

Соның ішінде мұнай саласындағы компаниялардан 3,5 трлн теңге корпоративтік салық жиналуы тиіс еді. Алайда түскен қаржы 2,5 трлн теңгеден аспаған. Қосылған құн салығынан 6 трлн алу жоспарланғанымен, тек 3,9 трлн теңге жиналды.

Жоспар бойынша тауар, жұмыс пен қызметке салынатын iшкi салық 7 трлн теңгеден асуы керек еді. Алайда түскен қаржы көлемі 4,7 трлн теңгені құрады.

Есесіне республикалық бюджетке салықтық емес түсімдер жоспарлы 164 млрд теңгеден 5,7 есе асып, 946 млрд теңгеге жетті. Салықтық емес түсімдердің артуына кәсіпкердлік қызмет пен меншіктен түсетін қаржының еселеп өсуі себепр болған. Бұл көрсеткіш жоспарда 92 млрд теңгені құрауы тиіс еді. 10 айда 842 млрд теңгеге жеткен.

Ұлттық қордан түскен трансферттер 4,65 трлн теңгені құрайды. Биыл үкімет қордан қордан қосымша 2 трлн теңге сұратып алғаны белгілі. Соның 1 трлн теңгесі бюджетке түскен.

Республикалық бюджеттің шығыны оңтайландырылып, 19,2 трлн теңге деп болжанғанымен, нақты шығын 18 трлн теңгені құраған. Нәтижесмінде бюджет тапшылық 3 трлн теңгені құрады. Бұл жоспарланған 2,85 трлн теңгеден 5,4%-ға артық. Бұл бюджет тапшылығы тереңдей түскенін байқатады.

Сондай-ақ оқыңыз