Қайрат Боранбаевтың бұрынғы мұнай компаниясы «Самұрық-Қазына» қорының меншігіне 4 есе арзанға өтті

Жарияланды
Business News бөлімінің редакторы
Фото: kursiv.media, бильд-редактор Ахтам Зиперов

Қайрат Боранбаевтан мемлекет меншігіне өткен Phystech II мұнай компаниясы енді «Самұрық-Қазына» қорының иелігіне берілді. Ол үшін «Самұрық-Қазына» қоры биржаға 1000 жай акциясын орналастырды. Директорлар кеңесінің шешімі KASE сайтында жарияланған.

Бұл акцияларды қордың жалғыз ационері – Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік комитеті басым құқықпен сатып алады. 1 жай акцияның құны 8 116 947 теңге деп белгіленген. Қорға Phystech II мұнай компаниясының 100 пайыз акциясы беріледі.

Нәтижесінде мұнай компаниясы 8,1 млрд теңгеге бағаланған. Бірақ 2023 жылдың қазан айында Қаржы мониторингі агенттігі бұл компания құны 35 млм теңгеген асады деген дерек келтірген.

Мұнай компания 2015 жылы Ақтау қаласында тіркелген. Маңғыстау облысындағы Солтүстік «Қаражанбас» кен орнында мұнай мен ілеспе газ өндірумен айналысады.

Бұрынғы иесі Қайрат Боранбаев 2023 жылдың наурыз айында 6 жылға сотталған болатын. Кейіннен заңсыз меншіктеген дүние-мүлкін мемлекетке қайтарған соң, жазасы жеңілдеп, бас бостандығы шектелді. Қалған мерзімін үйінде өтейтіні хабарланған.

2024 жылдың соғында Phystech II компаниясының Қайрат Боранбаевпен байланысы бар топ-менеджелері түгел ауысты.

Сондай-ақ оқыңыз